Меню

Страницы

Статья

РАЙЫСОВА БАҚЫТЖАН МҰҚТАРХАНҚЫЗЫ

РАЙЫСОВА БАҚЫТЖАН МҰҚТАРХАНҚЫЗЫ

1959 жылы  6 қазанда  Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1976 жылы Шыңғыстай орта мектебінен он жылдық білім алып шыққан. 1981 жылы Киров атындағы (қазір Әл Фараби атында) Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген.

Еңбек жолын "Қазақ Университеті" газетінде әдеби қызметкер болып бастайды. 1982 жылы отбасы жағдайына байланысты туған жеріне оралып, Аршаты және Еңбек ауылдарындағы мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. 1983-1984 жылдары аудандық "Арай" газетінде аудармашы болады. 1995 жылы Бақытжан Райысова республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, мектепте Абай шығармаларын оқытудағы жаңашылдықтарымен бөлісіп, сол кездегі Білім министрі Шәмша Көпбаеваның қолынан "ҚР Білім үздігі" атағын алады. 1997-2020 жылдар аралығында Өскемен қаласы мектептері мен гимназияларында үздіксіз ұстаздық қызмет етеді.

Бақытжан Мұқтарханқызы – еліміздегі танымал ақындардың бірі. Алғашқы өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Дидар», «Арай» газеттерінде, «Жұлдыз», «Ақ Ертіс», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдарында, «Балауса» студент-жастар топтамасында, «Ағажай, Алтайдай жер қайда-ай» жинағында, «Алтай әуендері» атты топтама-хрестоматияда жарияланған. Қазіргі таңда тоғыз жыр жинағының, екі мақалалар мен эсселер жинағының, бір ертегілер жинағының авторы.

Облыстық, республикалық бірнеше жыр мүшәйраларының,   "Үздік   пьеса"    сайысының    жеңімпазы, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бақытжан Раисованың қаламынан туындаған «Ай мен Алтай», «Сезім сәулесі», «Шағылға біткен шынармын», "Ай патшалығы", "Кәусар дүние", «Ғасырдың мұңы», «Жердің күн беті» «Жаны жарық жұлдыздар» атты жыр жинақтары оқырмандардың ыстық ықыласына бөленген.

2025 жылы 20 маусымда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Бақытжан Мұқтарханқызы VIII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XXVIII  сессиясының №28/324-VIII шешімімен  «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Направления
14 октября 2026
Указ Президента РК
Направления
18 июля 2026
Законы
Направления
18 июля 2026
Места нахождения и границы избирательных участков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы