Меню

Страницы

Статья

ОРАЗАЕВ ҚҰРМЕТ ШАЙМАРДАНҰЛЫ

ОРАЗАЕВ ҚҰРМЕТ ШАЙМАРДАНҰЛЫ

 1974 жылы 20 ақпанда Лениногор (қазіргі Риддер) қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Катонқарағай ауылында В.И.Ленин атындағы (қазіргі С.Ластаев атындағы) орта мектебін бітірді. Білімі жоғары. 1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы К.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясын «Агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарындағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады.

Құрмет Шаймарданұлы еңбек жолында ірі ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқарды. «Алаутрансгаз» ААҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалын басқарды, кейін «Қазпошта» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры болып тағайындалды. 2005 жылы еңбек жолын Алматыда жалғастырып, «Қазпошта» АҚ Басқарушы директоры қызметін атқарды.

2006 - 2007 жылдары «Самұрық" Мемлекеттік активдерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі» АҚ-ның коммуникация активтері дирекциясының Атқарушы директоры, 2007 - 2009 жылдары «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2009 жылдан «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ-ның Басқарма төрағасы болып еңбек етуде.

«Мұзтау», «Катонқарағай ауданының тұрақты дамуы» қоғамдық қорларын құруда,  Катонқарағай ауданында Қаратай бабаның, Оралхан Бөкейдің ескерткіштерін орнатуда, мерйтойларын өткізуде белсенділік танытты. Аудан орталығының Катонқарағай ауылына оралуына айрықша еңбек сіңірді. Айтыс өнерін насихаттап, ауданда халықаралақ айтыстың өтуіне мұрындық болды.

Құрмет Шаймарданұлы 2008  жылы  Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

2024 жылы 12 сәуірде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Құрмет Шаймарданұлына  VIII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XV сессиясының №15/179-VIII шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Направления
14 октября 2026
Указ Президента РК
Направления
18 июля 2026
Законы
Направления
18 июля 2026
Места нахождения и границы избирательных участков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы