ЖИЫНДИНОВА МАУЛИЯ
1942 жылы 2 тамызда Катонқарағай ауданы Жаңатілек ауылында дүниеге келді. Білімі арнаулы орта. 1949 жылы Жаңатілек орта мектебіне бірінші сыныпқа барып, 1959 жылы Алтай орта мектебінен сегізінші сыныпты бітірді. 1961 жылы Өскемен қаласында сатушының 2 айлық курсын бітіреді. 1964 жылы Өскемен кооперативтік техникумының бухгалтерлік бөлімінде оқуға қабылданып, 1967 жылы есепші маманыдығын алып шығады.
Еңбек жолын 1959 жылы Черняховский атындағы кеңшардың №1 бөлімшесінде жұмысшы болып бастады. 1961 жылдан осы кеңшардың жұмысшы кооперативінде сатушы, 1967 жылдан сауда меңгерушісі, 1969 жылдан басқарма төрағасы болып еңбек етті. 1971 жылы Шығыс Қазақстан облыстық тұтыну одағы жүйесі бойынша кәсіпорынның Төраға орынбасары лауазымының бөлінуіне байланысты Катонқарағай аудандық тұтыну одағының қарамағына ауыстырылады.
1974 жылы Алтай кеңшары жұмысшы кооперативінің төрағасыболып тағайындалды. 1994 жылы Алтай кеңшары жұмысшы кооперативі "Алтай және К" ЖШС болып өзгертіліп, осы мекемеден 2000 жылы зейнеткерлікке шықты.
Ұзақ жылдар Қатонқарағай ауданын дамытуға белсене атсалысқан. Маулия Жиындықызының басшылығымен Қатонқарағай, Шыңғыстай, Жаңаүлгі, Мойылды, Қабырға ауылдарында азық-түлік және өнеркәсіп дүкендері, трикотаж цехы, «Дәстүр» дәмханасы, Хладобойня салынды. Наубайханада жұмыс ұйымдастырып, ауылшаруашылық өнімдерін дайындаумен айналысып, ауданның шалғай жерлеріне автосауда ұйымдастырды.
Ұзақ жылғы еңбегі өкімет тарапынан бағаланып, "Кеңестік тұтыну кооперациясының үздігі", "Еңбек ардагері" төс белгілерімен марапатталған. 1994 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның тұтыну кооперациясын дамытуға қосқан үлесі және табысты еңбек қызметі үшін «Құрмет» грамотасымен марапатталған.
2024 жылы 12 сәуірде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Жиындинова Маулияға VIII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XV сессиясының №15/179-VIII шешімімен "Катонқарағай ауданының құрметті азаматы" атағы берілді.