ЖАНАБАЕВ ЖАНАР
1961 жылы 11 сәуірде Катонқарағай ауданы Өрнек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1983 жылы Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітіріп, ветеринария мамандығын алды. 1989 жылы Марксизм-ленинизмді насихаттау кадрлары университетінің экономикалық бөлімін, 2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Медведка (қазіргі Белқарағай) ауылы Черняховский совхозында ветеринариялық дәрігерден бастады.1990 жылға дейін Черняховский совхозының кәсіподақ ұйымының төрағасы, 1993 жыл,а дейін осы совхозда аң шаруашылығының бригадирі қызметін атқарды.1993 жылдан 2011 жылға дейін аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет етті. Жол полициясы бөлімінің басшысы лауазымынан отставкаға шықты. 2011 жылдан бастап «Өртас» ЖШС басшысы. Катонқарағай аудандық мәслихатының V,VI,VIII шақырылымдарының депутаты.
Жанар Жанабайұлы Катонқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, бұқаралық спортты, оның ішінде ат спортын дамытуға өз үлесін қосуда. Спорт саласына, мұқтаж адамдарға үнемі демеушілік көрсетеді. Ауданда ауыл ішіндегі жол құрылысына көп көңіл бөліп, көптеген көшелерге қара жамылғы, тас қиыршықтарын төсеуге және көшелерге электр жарығын жүргізуге ықпал етті. Қоғамдық өмірде өте белсенді.
Жемісті еңбегі үшін ішкі істер саласының медальдарымен, Қазақстан маслихаттарына 20 жыл, Шығыс Қазақстан маслихаттарына 25 жыл, Катонқарағай ауданына 90 жыл мерекелік медальдарымен, министрліктің, облыстың, ауданның грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталған.
2023 жылы 5 шілдеде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Жанар Жанабаевқа VIII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының VI сессиясының №6/61-VIII шешімімен "Катонқарағай ауданының құрметті азаматы" атағы берілді.