Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАНОВ ЖАНБОЛАТ БАЙРАХМЕТҰЛЫ

ҚАЗАНОВ ЖАНБОЛАТ БАЙРАХМЕТҰЛЫ

1969 жылы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Большенарым (қазіргі Үлкен Нарын) ауданы, Балғын ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Орта Азиялық университетін экономика, Шығыс Қазақстан аймақтық университетін заңгер, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ көлік құрылысы мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Семей былғары комбинатында бөлгіш (раскольщик) болып бастады. Кейін Глубокий мыс қорыту зауытында агломераторшы, «Элхон» ЖШС директордың орынбасары болып қызмет атқарды.  2011 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметін «Ақ Найман» шаруа қожалығының басшысы, кейін «Мұзтау и К» ЖШС (жалға алу) және «Терезе» ЖШС (құрылыс қызметі) директоры болып жұмыс атқарды.

Жанболат Байрахметұлы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына, аудан халқының тұрмысын жақсартуға, кәсіпкерліктің дамуына, жергілікті маңызы бар жолдардың жөнделуіне, мәдени нысандардың қалыпқа келтірілуіне барынша қолдау көрсетеді. Туған жері Балғын ауылының өсіп өркендеуіне де елеулі үлес қосып, ауылдық мектепке ұдайы көмек көрсетіп отырады. «Оңтүстік – Солтүстік» бағдарламасы бойынша жұмыс күші артық өңірлерден тұрғындарды көшіру үшін Балғын ауылында өз қаражаты есебінен 5 үй сатып алды. Ауданда ұйымдастырылған іс-шараларға демеушілік жасайды. «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі.

Жемісті еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, «Құрмет» орденімен, «Құрметті құрылысшы», «Құрметті жолшы», «Халық алғысы» төсбелгілерімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған. Отбасылы, төрт ұл тәрбиелеп, өсіріп отыр. Глубокое, Алтай, Үржар аудандарының құрметті азаматы.

2023 жылы 7 сәуірде ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Жанболат Байрахметұлына VIII шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының  II сессиясының №2/10-VIII шешімімен  «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Направления
14 октября 2026
Указ Президента РК
Направления
18 июля 2026
Законы
Направления
18 июля 2026
Места нахождения и границы избирательных участков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы