Меню

Страницы

Статья

ЛАСТАЕВА АЙЖАН СЕЙІТҚАМЗАҚЫЗЫ

ЛАСТАЕВА АЙЖАН СЕЙІТҚАМЗАҚЫЗЫ

1952 жылы 13 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтының жоспарлау және экономика факультетін бітірді.

Еңбек жолын Катонқарағай аудандық тұтынушылар одағының Алтай кеңшары жұмысшы кооперативінде экономист болып бастады. Білікті маман екі жылда кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, аудандық тұтынушылар одағының комсомол ұйымының хатшысы болып тағайындалды.

1975 жылы Катонқарағай машинамен есептеу станциясына жобалаушы инженер болып жұмысқа кіреді. Кейін аға инженер болды.

1978-86 жылдары аудандық статистика басқармасы бастығының орынбасары, кейін бастығы болып жемісті еңбек етті.

1987-94 жылдары аудандық жоспарлау комиссиясының және экономика комитетінің төрағасы, 1992 жылы Катонқарағай аудандық әкімшілігінің қайта құрылуына байланысты аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Осы жылдары ауданда көптеген мектептер, жолдар, көпірлер, қазандықтар және. әлеуметтік сала объектілері салынды. Оған Айжан Сейітқамзақызының қосқан үлесі зор болды.

1994 жылы облыстық тұтынушылар одағына қызметке шақырылып, 1995 жылдың соңында Өскемен Қазынашылық бөлімінің бастығы қызметіне ауысты, кейін Облыстық Қазынашылық басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

А.Ластаева Катонқарағай ауылындағы  «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ-не материалдық-техникалық  базасын нығайтуға көп үлес қосты. Өзінің қаражатына қазіргі заманауи  талаптарға  сай  тарих кабинетін жабдықтап, соңғы үлгідегі заманауи музыкалық аппаратура сыйға тартты. Облыс бойынша ұйымдастырылған  «Туған мектеп» атты  жобасына  белсене қатысты. Осы мектеппен үнемі тығыз байланыс орнатуда.

 2018 жылы 20 маусымда ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Айжан Сейітқамзақызына VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XVIII сессиясының №18/172-VI шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Направления
14 октября 2026
Указ Президента РК
Направления
18 июля 2026
Законы
Направления
18 июля 2026
Места нахождения и границы избирательных участков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы