Меню

Страницы

Статья

АҒАЖАЕВА ГҮЛБАРШЫН МҮСЛІМХАНҚЫЗЫ

АҒАЖАЕВА ГҮЛБАРШЫН МҮСЛІМХАНҚЫЗЫ

1951 жылы 30 қаңтарда Семей облысы, Абыралы ауданы, Мейзек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Өскемен педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолын Үлкен Нарын ауылындағы Огнев атындағы орталау мектепте орыс тілінің мұғалімі болып бастады. Жалынды жас 1974 жылы  арнайы іріктеуден өткен соң, облыстық партия комитеті мен облыстық комсомол комитетінің жолдауымен дүние жүзіне белгілі болған «Артек» лагеріне барып, 1978 жылға дейін еңбек етті. 1978 жылдан  бастап Катонқарағай ауданында еңбек жолын жалғастырды. Аудан орталығындағы Огнев атындағы орта мектепте кітапханашы, орыс тілі пәнінің мұғалімі болып істеді. Кейін тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, мектеп директоры болып лауазымы жоғарылай түсті. Огнев атындағы орта мектепте  он жыл, Қ.Дамитов атындағы орта мектепте бес жыл директорлық қызмет атқарды. Соңғы жылдары аудандық білім беру, ішкі саясат бөлімдерінің меңгерушісі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жауапты қызметтер атқарды. Қай салада қызмет етсе де  білікті маман, іскер басшы, жауапкершілігі мол тұлға ретінде аудан жұртшылығына кеңінен танымал болды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.

 Гүлбаршын Мүслімханқызының қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан да лайықты бағаланып, Ыбырай Алтынсарин медалімен,  «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы», «Қазақстан мәслихаттарына жиырма жыл»  мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасының Білім беру министрлігі, Қазақстан Республикасының Білім беру кәсіподақ комитеті ұсынған Құрмет грамоталарымен, аудан әкімінің грамоталарымен марапатталған. Аудандық мәслихаттың V, VI шақырылымдарының депутаты.

 2018 жылы 20 маусымда ауданның  әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін Гүлбаршын Мүслімханқызына VI шақырылған Катонқарағай аудандық мәслихатының XVIII сессиясының №18/172-VI шешімімен «Катонқарағай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

 

Дата публикации
22 декабря 2025
Дата обновления
22 декабря 2025
Тип
Информация

Сейчас читают

Направления
14 октября 2026
Указ Президента РК
Направления
18 июля 2026
Законы
Направления
18 июля 2026
Места нахождения и границы избирательных участков

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы