«Қазпошта» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және Қазақстан Республикасында (бұдан әрі – ҚР) Сауда және интеграция министрі бекіткен 2025 жылға дейін ҚР электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі жол картасын орындау шеңберінде электрондық коммерцияны дамыту мақсатында 2020 жылғы 10 желтоқсан күні «E-commerce: нөлден бастап онлайн сату» электрондық коммерция бойынша вебинар өткізуді жоспарлап отыр.
Аталған вебинарда электрондық коммерцияның түрлі сегменттерінің сарапшылары тікелей эфирде жиналады. Мұнда сарапшылар электрондық сауда және логистиканың технологиялары мен құралдары бизнестің дамуына қалай көмектесетіні жөнінде талқылайды.
Спикерлер ретінде Aliexpress Россия GR-директоры Сергей Лебедев, «iLAB веб-интеграторы» СЕО Владимир Денисов, «1С-Битрикс Қазақстан» және «Қазпошта» АҚ өкілдері, сондай-ақ басқалар да шақырылды.
Қосымша: - лендинг пен бағдарламаға сілтемесі бар баспасөз релиздің жобасы.