Бағдарлама туралы
Қазақстанның азаматы болып табылатын барлық балаларға жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% есептелетін болады. Бұл ретте табыс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Есепті жылы барлық балалар қаржыны бірдей мөлшерде алады.
Бұдан бөлек, балаларға есепті жылға дейінгі жылдары есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануды жалғастыра береді. Нәтижесінде оларға қосымша инвестициялық кіріс есептелетін болады.
Балалар 18 жасқа толғанға дейін нысаналы талаптар мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептелетін болады. Балалар 18 жасқа толған жылы нысаналы талаптар нысаналы жинақтау шотына есептелетін болады және 18 жасқа толғаннан кейін кәмелетке толған тұлғалар жинақтарды екі мақсатқа - тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға ақы төлеуге пайдалану құқығына ие болады.
Нысаналы талаптарға қатысушы немесе БЖЗҚ-да нысаналы жинақтары бар нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда, бұл нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылатын болады.
Жеке басын куәландыратын құжаты, ЖСН жоқ болса, тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгіну қажет;
Азаматтығы жоқ немесе анықталмаған немесе дұрыс көрсетілмеген болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгіну қажет. (толығырақ )/сайтында).