Шығыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларына  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 724,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем  индексі – 2024 жылдың тиісті кезеңіне 87,5%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 46,6  млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 104,0%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 127,6  млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі –  117,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 46,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем  индексі – 113,1%.

101,7% өсу қарқынымен  66,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Бөлшек сауда тауар айналымың көлемі 261,4 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 100,3%. 

 

Әлеуметтік сала.

2024 жылы жұмыссыздық деңгейі  4,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық номиналды жалақы 378 485 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңнен 12%-ға жоғары.

 

Ескертпе: Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысы бойынша  стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика Бюро Департаментінің деректер негізінде ұсынылған (www.stat.gov.kz)