«Менің әдістемелік қоржыным» облыстық қашықтық байқауының қорытындысы

«Менің әдістемелік қоржыным» облыстық қашықтық  байқауының қорытындысы

ШҚО білім басқармасымен 2021 жылдың 13 наурыз - 09 сәуір аралығында колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері арасында «Менің әдістемелік қоржыным» облыстық қашықтық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша педагог қызметкерлерінің шығармашылық бастамаларын дамыту, педагогикалық тәжірибені тарату.

Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:

  • пәнді оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал;
  • сабақ (оқу сабағы).

«Оқу әдістемелік құрал» номинациясында оқытушылар оқу үдерісінде пайдаланылатын оқу-әдістемелік құралдары мен жұмыс дәптерлерін ұсынды.

«Сабақ (оқу сабағы)» номинациясында оқытылатын пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келетін кез келген тақырыпқа сабақ немесе оқу сабағын ұсынды.

Байқауға барлығы 200-ден астам жұмыс ұсынылды.

Қатысушылардың жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • авторлық материалдың жаңашылдығы, бірегейлігі және шығармашылық бағыты;
  • заманауи білім беру, оның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану;
  • жұмысты безендіру мәдениеті (материалды ұсыну сапасы, материалдың құрылымы, қорытындылардың болуы) және т.б.

Байқау қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері және номинанттары анықталды.

Сондай-ақ, «Мазмұнды оқу-әдістемелік жұмыс», «Креативті оқу-әдістемелік жұмыс», «Ақпараттық сабақ», «Өзекті сабақ» және т.б. номинациялар бойынша жұмыстар атап өтілді.

Байқау жүлдегерлерін, жеңімпаздар мен номинанттарды құттықтаймыз!

Тізім