Меню

Страницы

Статья

Тәуелсіз елім – Қазақстаным!

                                     

Тәуелсіз елім – Қазақстаным!

 

«16-желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні» барлығымыз үшін қуанышқа толы, ерекше қасиетті күн. Тәуелсіздік алған бастапқы жылдары өз егемендігімізді нығайтып, ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп, әлеуметтік-экономикалық жағдайымызды тұрақтандыру басты мақсатымыз болды.

Тәуелсіздік жылдарында үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, яғни жас мемлекетіміз қалыптасып, экономикамыз дамыды және адамдардың өмір сүру деңгейі жоғарылады.

Еліміздің ұлан байтақ жерін халықаралық деңгейде заңдастырып, өзіміздің желбіреген көк туымызды, айбынды асқақ елтаңбамыз және әуезді әнұранымызды қабылдадық.

Қазақстанда 130 мыңнан аса сан түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Елімізді мекендеген әр ұлт, өз тілінде сөйлеуге, мәдениеті мен дәстүрін дамытуға мүмкіндік алып отыр.

Жастарымыз дамыған Еуропаның, АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарында білім алып, сол жерде алған білімін елімізде қолдануға мүмкіндігі пайда болды.

Қазіргі таңда спорттан ұйымдастырылатын олимпиада, спорттық ойындарда қазақстандық спортшыларымыз жоғары орындардан көрініп, ел беделін көтеруде, еліміздің әнұраны бүкіл әлем алдында жиі ойнатылып Қазақстаннымыз әлемдік аренада көрінуде.

Жас тәуелсіз ел үшін аздаған жыл ішінде Азияда, Саммит, ЕХРО-2017 көрмесі тағы басқа үлкен іс-шаралар өткізіп жер шары халқының мойнын өзіне бұрғызды.

Бұл бағындырған биік белестер Қазақстандай жас елдің күннен-күнге өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Осы еліміздің бірлігін, ынтымақтастығы мен татулығының негізін қалайтын тәуелсіздік күні құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт, алдағы қызметіңізде табыс пен жаңа жобалардың жүзеге асырылуын тілеймін!

#ТабысЖолы #ПутькУспеху

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 декабря 2020
Дата обновления
14 декабря 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

Аналитическая статья
05 августа 2025
Переосмысление духовных основ государственной службы в рамках 180-летия Абая Кунанбайулы
Аналитическая статья
21 апреля 2025
Статья на тему «пример безупречной репутации государственного служащего»
Аналитическая статья
04 ноября 2024
Государственный служащий во всех сферах жизни

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Экранный диктор
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации