
11 қыркүйек сағат 19.00-де Мұз спорт сарайында «Қала күніне» (билет құны - 2000 теңге) арналған ММА (аралас жекпе-жек) халықаралық турнир өтеді. Бұл - «Қала күні» мерекесін тойлау аясында 5 мәрте халықаралық деңгейде өтетін айтулы шара. Аталған шараның құрметті қонағы ретінде UFC чемпионы Д.Исмагулов қатысады. Жергілікті команда сапында баршаға белгілі спортшы қызымыз Екатерина Ларионова, жуырда өткен байрақты бәсекеде FFC34 GLOBAL 9 белдігін иеленген Аслан Утегалиев қатысатын болады.