2023 жылғы 5 қарашада өткен Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 6 919 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 4 428 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 274 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3 кандидат.

 

Ұлытау ауданы әкімі сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді:

Әлімсейіт Асылхан Мырзамсейітұлы үшін сайлаушылардың 494 дауысы берілді,

Мырзабеков Аманжол Батырбекович үшін сайлаушылардың 3 144 дауысы берілді.

Сүлейменов Аманбек Данабекович үшін сайлаушылардың 679 дауысы берілді.

 

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 101.

 

Сайлау қорытындыларымен Ұлытау ауданының әкімі болып Мырзабеков Аманжол Батырбекович сайланды, 1973 жылы туған, Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімі, Ұлытау селосында тұрады.

 

 

Ұлытау ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 ноября 2023