IQanat олимпиадасы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
226-дан астам бала қатысатын зияткерлік дода!
Шығыс Қазақстан облысында ауыл балаларына арналған IQanat олимпиадасының II кезеңі өтеді
28 наурызда «IQanat» республикалық олимпиадасының II кезеңінің ресми ашылуы өтіп, оған Шығыс Қазақстан облысының ауылдық мектептерінен 226 бала қатысады.
Айта кетейік, аталған белесті бағындыруға Қазақстанның барлық өңірінен 10 мыңнан астам бала күш салады. Бұл ретте олардың 70%-ға жуығы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан. Ал оның ішінде 91%-дан астамы көп балалы отбасылардан болса, 13%-ы толық емес және 4%-ы көпбалалы және толық емес отбасылардан.
Екінші кезең пәндік бағытқа ие, яғни оқушылар математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және география сияқты пәндер бойынша тестілеуден өтеді.
Дәл осы асуда ақтық сынға жолдама алатын 1000 бала анықталады. Үздіктердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатына тегін оқуға, ал екінші бөлігі – Олимпиададан кейінгі үшжылдық тегін қолдауға қабылданады. Осылайша балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға қарқынды дайындалып, ағылшын тілін, ІТ-дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлікті және басқа да салаларды оқиды. Сондай-ақ олар жетістіктерге ынталандырылып, үлгерімдері назарда ұсталады.
Тиісті күшті академиялық дайындықтың арқасында IQanat бағдарламаларымен қамтылған балалардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түсіп келеді. Қазір IQanat түлектері әлемнің 15 елінде оқып жатыр.
IQanat - 150-ден астам қазақстандық кәсіпкер қолдайтын әлеуметтік-білім беру жобасы. IQanat тарабы Олимпиаданы ұйымдастыра отырып, қазақстандық ауылдардағы дарынды балаларға білім беру жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға тырысады.