№ |
Іс – шараның атауы |
Іс – шараның өткізілуы күні, орны |
Өткізілген іс- шаралар жайлы мағлұматтар |
1 |
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты акциясы |
2022 жылы 15 наурыз Сағат 11:00 Қалжат ауылының әкімшілік аппаратында |
Ұйымдастырушы: Қалжат ауылдық округі әкімі аппараты жанындағы жастар ісі жөніндегі әдіскер- нұсқаушы З.Тохтигожаева
Мақсаты: Жастарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру
Шараның негізгі мақсаты: Қалжат ауылдық округі әкімі аппараты жанындағы жастар ісі жөніндегі әдіскер- нұсқаушы З.Тохтигожаеваның ұйымдастыруымен 2022 жылдың 15 наурыз күні «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі, ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
Қатысушылар: 7 адам |