Жетісай ауданының Қазыбек би,
Абай ауылдық округі әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 133 бабына сәйкес Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазыбек би, Абай а/о әкімдерінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Қазыбек би, Абай а/о әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалсын.
- Әкімдікке кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 25 сәуірден басталсын.
- 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Қазыбек би, Абай а/о әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім аудан әкімдігінің ресми интернет- ресурсында және «Жаңа Жетісай» газетінде жариялансын.
Жетісай аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Б.Сериков
Комиссия хатшысы Д.Сейдикеримова