Халық хатысатын бюджет

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті қала тұрғындары!

Төлеби ауданы әкімдігінің веб-сайтында «Халық хатысатын бюджет» сілтемесі ашылған, Ленгір  қаласын көркейту және абаттандыру мақсатында өз жобаларыңызды ағымдағы жылдың 10 ақпанынан 1 наурызына дейін (www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolibi-audany) сайтына жүктей алатындарыңызды хабарлаймыз. Өз жобаларын  кәмелетке толған кез келген қала тұрғыны ұсына алады.

Жобаны ұйымдастыру туралы ережесі сайтқа  жарияланады.

«Халық қатысатын бюджет» шеңберінде мынадай іс-шаралар дауыс беруге шығарылады және әкімдік (әкім аппараты) іске асырады:

1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

4) ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар,

скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер);

5) бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

7) ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;

8) аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;

9) санитарияны қамтамасыз ету.

         Жобалық ұсыныстарға болжамды сметалық есептеулер, сондай-ақ  қазіргі күйдің фотосуреттері мен жобаның фотосуреті / эскизі / макеті / схемасы / қалауыңыз бойынша презентация (оларды интернет-ресурстан пайдалануға болады) қоса тіркеу қажет.

Егер жобалық ұсынысты дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылады.

         Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

        

ХАБАРЛАНДЫРУ
Дата публикации
08 февраля 2023