Меню
Страницы
Статья
Отдел охраны, защита, пользования и воспроизводства животного мира
- жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
- жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өңірлік іс-шараларды әзірлеу және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
- тоқсандық, жылдық қорытындыларымен бағалау туралы есептерді жасайды;
- басқарманың ағымдағы және перспективалық индикативтік жоспарларын әзірлеуге, сол сияқты жоспарланған жылдың ішінде түзетулер енгізуге басшылық жасайды;
- жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырырады;
- сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды көбейту бойынша қызметті ұйымдастырады;
- аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастырады;
- жануарлардың санын жүргізу және биотехникалық іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
- жануарлар дүниесі саласына қатысты басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруды ұйымдастырады;
- жануарлар дүниесінің саласы жөніндегі ұсыныстарының орындалуы мен ендірілуіне бақылау жүргізеді;
- жануарлар дүниесінің саласы жөніндегі өңірлік бағдарламаны әзірлеп бекіттіру және орындалуын қамтамасыз ету, олардың орындалуы жөнінде ақпараттарды береді;
- бөлім құжаттарының орындалуын, бағыныстағы қызметкерлердің жұмыстарының нақтылығын бақылау, жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органдармен өзара әрекетті және бөлімге жүктеген міндеттердің орындалуын үйлестіреді;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды жүзеге асыру.
Дата публикации
12 января 2021
Дата обновления
12 января 2021
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал