Меню
Страницы

22 Наурыз - әз Наурыз мерекесі

22 Наурыз - әз Наурыз мерекесі

Құрметті аудан тұрғындары!

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз - күн мен түннің теңеліп, табиғаттың жаңаратын, бәріміз үшін берекенің бастауы болған мейрам. Тамыры тереңге кеткен мереке-халқымыздың болмасы, ырысы мен бірлігі, өнері мен мәдениеті, дәстүрімізбен діліміздің өзегі. Бұл күні адамдар өзара өкпе-назын ұмытып, кешірімге жасап, татуласқан. Ақ дастарқан басында ақжарқын көңілмен қауышып, жеті түрлі дәмнен тұратын наурыз көжеден дәм татқан. Тал көшеттері егіліп, бұлақ көзі ашылатын болған. Көктемнің жаңару күнінде айнала тазартылып, топыраққа дән түскен. Тамыры тереңде жатқан ежелгі  наурыз мерекесі қазіргі кезде жаңарған қоғамымызбен үйлесім тауып, Отанымыздағы достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болып келеді.

Құрметті жерлестер!

        Жыл басы наурыз құтты болсын! Жаңа жыл жақсылығымен келсін. Ұлыстың ұлы күні елімізге құт - береке әкелсін. Халқымызға – ынтымақ, елімізге молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз!

 

         Аудан әкімі                                                      С. Полатов

         Аудандық маслихаттың хатшысы              Б. Байғараев

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Цели устойчивого развития
Послания Президента РК
Государственные символы РК