Меню
Страницы

9 мая - День победы!

9 мая - День победы!

Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар!

Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

 

        Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған ақжолтай күн. Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.    

        Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.  Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз»  деп айтқандай, майдангерлердің иығына аса ауыр жүк түсіп, Отаны, елі үшін от болып жанды, оқ болып атылды. Қаншама боздақтар ұрыс даласынан қайтпай қалды. Тылда жүріп, белуардан су кешіп бел шешпей еңбек етті. Осындай ерлік көрсеткен алдыңғы толқынды құрметтеу, ұмытпау біздің парызымыз.

        Біз жеңімпаз халықтың ұрпақтары екенімізді мақтан тұтамыз. Тәуелсіз еліміздің отан қорғаушылары бейбіт өмірде де халқымен бірге жасасып келеді. Қиын сәтте қанаттаса қызмет көрсетіп, төтенше жағдай кезінде елге қол ұшын созып, ұрпақтар сабақтастығын жоғары дәрежеде жалғап жүр

Қадірлі ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті Отан қорғаушылар!

        Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

 

Аудан әкімі                                                  С. Полатов

         Аудандық мәслихаттың хатшысы           Б. Байғараев

Социальные медиа
Меню подвал
Жизненные ситуации
Новостной канал государственных органов
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Сайт Парламента РК
Концепция цифровой трансформации
Цели устойчивого развития