Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезекті отыз тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

Созақ аудандық мәслихатының  сегізінші   шақырылымындағы  кезекті   отыз тоғызыншы сессиясын  шақыру  туралы

 

 

 

 

 

 

 

Созақ  аудандық  мәслихат төрағасының 03.03.2026 жылғы №38 шешімі

 

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

сегізінші   шақырылымындағы

кезекті   отыз тоғызыншы

сессиясын  шақыру  туралы

 

 

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезекті  отыз тоғызыншы сессиясы 2026 жылғы 17 наурыз, сағат 11.00-де, Шолаққорған ауылында  шақырылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                          О.Жәмиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына

 

 

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы   жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезекті отыз тоғызыншы сессиясы  2026 жылғы 17  наурыз, сағат 11.00-де Шолаққорған ауылында шақырылатыны туралы  Сіздерді хабардар етемін. Мекен-жайы: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16.

           Депутаттарды тіркеу 17 наурыз, сағат 09.00-ден бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.

           Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2026  жылғы  17 наурыз, сағат 09.00-де  өткізіледі.

 

           Сессияның қарауына мына мәселелер  ұсынылады:

                                                                           

  1. Аудан әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі.
  2. Аудандық орталық аурухананың атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы есебі.
  3. Қыземшек кенті әкімінің есебі.

 

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Созақ аудандық мәслихатының

төрағасы                                                                         О.Жәмиев

 

                                                                                          

файл