
шешім 10.12.2025 жыл №34
Созақ аудандық мәслихатының
сегізінші шақырылымындағы
кезекті отыз бесінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезекті отыз бесінші сессиясы 2025 жылғы 23 желтоқсан, сағат 11.00 де, Шолаққорған ауылында шақырылсын.
Созақ аудандық мәслихатының
төрағасы О.Жәмиев
Созақ аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Созақ аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезекті отыз бесінші сессиясы 2025 жылғы 23 желтоқсан, сағат 11.00 де, Шолаққорған ауылында шақырылатыны туралы Сіздерге хабардар етемін. Мекен-жай: Шолаққорған ауылы, Жібек жолы көшесі, №16.
Депутаттарды тіркеу 23 желтоқсан, сағат 9.00-ден бастап аудандық мәслихатта өткізіледі.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі 2025 жылғы 23 желтоқсан, сағат 10.00-де өткізіледі.
Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:
Сессияның қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.