Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы қорытындысы
Созақ аудандық қоғамдық кеңесі алғашқы рет, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңына сәйкес, 2016 жылдың наурыз айында құрылды. Созақ аудандық қоғамдық кеңестің 3-ші құрамы 2022 жылдың наурыз айында жасақталды Бүгінде Қоғамдық Кеңестің 14 мүшесі бар. Төрағасы – Мұрат Жексенбайұлы Сапаров, хатшысы қызметін –Мұхтар Сенбіұлы Қиясбаев атқарады.
2022 жылы Созақ аудандық Қоғамдық кеңесі өз құзыреті аясында төмендегідей жұмыстарды атқарды. Қағамдық кеңестің отырыстарында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңының 3- быбынының 3- тармағына, 5- бабының 2-3-4 және 13 тармағына, 18 бабының 4- тармағына, 23- бабының 1-тармағына сәйкес, қоғамдық кеңестің төралқа мүшелерінің келісімімен төмендегі мәселелер қаралды.
2024 жылдың І тоқсаны:
2024 жылдың бірінші тоқсанында Қоғамдық кеңестің отырыстарында 9 нормативтік құқықтық актінің жобалары қаралып ескертусіз мақұлданды. Аудан әкімі және ауылдық округ әкімі мен 6 мемлекеттік орган 1 ЖШС басшысының есебі тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелерімен наурыз айында аудан тұрғындарымен қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылып 2 өтініш түсіп тиісті шаралар қабылданды.
Бұл мәселелер туралы тыңдап, талқыланып Қарар қабылданды.
2024 жылдың ІІ тоқсаны:
2024 жылдың екінші тоқсанында Қоғамдық кеңестің отырыстарында 7 нормативтік құқықтық актінің жобалары қаралып ескертусіз мақұлданды. 4 ауылдық округ әкімдері мен 5 мемлекеттік орган басшысының есебі тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысымен танысу зерделеу мақсатында арнайы топ құрылып «Созақ ауданы бойынша мектеп қабырғаларында 1-4 сынып оқушыларына берілетін ыстық тамақтың берілу барысы, ас мәзірі бойынша танысу және зерделеу мектеп қабырғларындағы оқу материалдық базасымен танысу жұмыстары жүргізілді. Созақ ауданында облыстық маңызы бар жолдарға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Созақ ауылдық округінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы жаңа форматта көшпелі болып өтті. Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұйымдастыруымен ауылдық округ тұрғындарымен жеке қабылдаулар өткізілді. Өз кәсіптерін дамыту мақсатында мемлекеттен 2,5 пайызбен несие алған азаматтардың жұмыс барысымен танысып шықты.
Бұл мәселелер туралы тыңдап, талқыланып Қарар қабылданды.
2024 жылдың үшінші тоқсанында Қоғамдық кеңестің отырыстарында, 8 нормативтік құқықтық актінің жобасы талқыланып, ескертусіз мақұлданды. 2 ауылдық округ әкімдерінің есебі 4 мемлекеттік орган басшысының есебі тыңдалды.
Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен
Өз кезегінде Созақ аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері аудан аумағында
Бұл мәселелер туралы тыңдап, талқыланып Қарар қабылданды.
2024 жылдың ІV тоқсаны:
2024 жылдың төртінші тоқсанында Қоғамдық кеңестің отырыстарында. 11 нормативтік құқықтық актінің жобалары қаралып, ескертусіз мақұлданды. 5 ауылдық округ әкімдері мен 1 мемлекеттік орган басшысының есептері тыңдалды.
Бұл мәселелер туралы тыңдап, талқыланып Қарар қабылданды.
Қорытынды
Қоғамдық кеңестің 2024 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бүгінгі күнге дейін 15 отырысы 4 рет төралқа отырыстары өткізіліп, 31 мәселе қаралды. Оның ішінде 35 нормативтік құқықтық актілер жобалары талқыланып, ескертусіз мақұлданды. Ауылдық округ әкімдері мен бөлімдер мен мекеме басшыларының есептері тыңдалды.
Мемлекеттік орган жұмыстарын бақылау мәселелері бойынша аудан әкімінің, аудан әкімдігінің бөлімдерінің, ведомстволық мекемелер басшыларының есептері тыңдалып, онда Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, кемшіліктер атап көрсетіліп, одан қорытынды шығаруға мерзім беріліп, кемшіліктерді жою бойынша Қоғамдық кеңеске мәліметтер беру тапсырылды. Қаралған мәселелердің хаттамалары тиісті бөлімдерге жіберіліп отырды. Қоғамдық кеңес отырыстары мен төралқа отырыстарында Қоғмдық кеңес мүшелері белсенділік танытты. Республикалық Ережеге сәйкес, Аудандық қоғамдық кеңес жанынан Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңес туралы» Заңына сәйкес, 4 тұрақты комиссиялар құрылып, өздерінің бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізді.
Созақ аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы: М.Сапаров