Сарыағаш ауданында кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

Сарыағаш ауданында кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

           2021 жылғы 25 шілдеде Сарыағаш ауданы бойынша 1-кент,                   7 -ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

         Сарыағаш аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Сарыағаш ауданының ауылдық округтер әкімдерін және ауыл әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жемісті сайлау округі

                 Жемісті  ауылдық округі  әкімінің сайлауы бойынша:

           Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2482 азамат енгізілді, олардың  2218 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –21,  "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Азимбердиев Т.С – 2001;  Жанысбеков Е.О- 96; Ногаев.Т.Б.-98; 

Жемісті ауылдық округінің  әкімі болып  Азимбердиев Талгат Сапарович сайланды, 1975 жылы туылған, Жібек жолы ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарған.  Жібек жолы ауылдық округі, Диханбаба елді мекенінде тұрады,  "Nur Otan"партиясы ұсынған.

 

Жібек жолы сайлау округі

Жібек жолы  ауылдық округі  әкімінің сайлауы бойынша:

           Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 10570 азамат енгізілді, олардың 10035  дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –369, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -285.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кайпжан Е.Е. – 194;  Сейтжапбаров А.А- 9033; Турлибеков М.Т.-154; 

Жібек жолы ауылдық округінің  әкімі болып  Сейтжапбаров Аскарбек Алибекович сайланды, 1974 жылы туылған, Жемісті ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарған.  Жібек жолы ауылдық округі, Диханбаба елді мекенінде тұрады,  "Nur Otan"партиясы ұсынған.

 

Кабланбек   сайлау округі

Кабланбек  ауылдық округі  әкімінің сайлауы бойынша:

           Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 10318 азамат енгізілді, олардың 9072-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –133,  "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -175.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Дюсембаев К.А – 640;  Закирова М.Н.- 497;    Турсынбаев К.М-7627; 

Қабланбек ауылдық округінің  әкімі болып  Турсынбаев Канат Миркамалулы сайланды,1970 жылы туылған, Қабланбек ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарған. Сарыағаш қаласында тұрады, "Nur Otan" партиясы ұсынған.

 

Қызылжар сайлау округі

Қызылжар  ауылдық округі  әкімінің сайлауы бойынша:

           Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 4308 азамат енгізілді, олардың  1666-і дауыс берді.  Жарамсыз бюллетеньдер саны –23,  "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бабашев М.Ж – 40;  Куралов М.Ж.- 25; Рахимбердиев А.А.-1110;  Хайназаров Е.А.- 468;

          Қызылжар ауылдық округінің  әкімі болып  Рахимбердиев Абдижаппар Абдихаймович сайланды, 1965 жылы туылған, Құркелес ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарған.  Қызылжар ауылдық округі, Қызылжар елді мекенінде тұрады. "Nur Otan" партиясы ұсынған.

 

Құркелес сайлау округі

Құркелес  ауылдық округі  әкімінің сайлауы бойынша:

           Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 18770 азамат енгізілді, олардың 12392-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 183, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 130.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Иматов К.А – 9304;  Кайсарбеков К.М - 2299; Менлибаев С.А-476

Құркелес ауылдық округінің  әкімі болып  Иматов Канат Абдурахманович сайланды, 1987 жылы туылған, Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы болып қызмет атқарған. 

Сарыағаш қаласында тұрады, "Nur Otan" партиясы ұсынған.

 

Дарбаза сайлау округі

Дарбаза  ауылдық округі  әкімінің сайлауы бойынша:

           Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3836 азамат енгізілді, олардың  2947-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 42, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 11.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алтынбаев Е.Л – 1107;  Әуезов Б.Б - 1606; Медеуов О.М.-181

Дарбаза ауылдық округінің  әкімі болып  Әуезов Бақытсейіт Бәкірұлы сайланды, 1992 жылы туылған, Сарыағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында директордың орынбасары болып қызмет атқарған.  Сарыағаш қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Әлімтау сайлау округі

Әлімтау  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 805 азамат енгізілді, олардың 748-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 15, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Маликов З.И– 591; Ташев Ш.П – 110;  Турсункулов Д.У. – 26.

Әлімтау ауылдық округінің әкімі болып Маликов Зайырбек Изтаевич  сайланды, 1964 жылы туылған, Әлімтау ауылдық округі, Әлімтау елді мекенінде тұрады, "Nur Otan" партиясы ұсынған.

 

Көктерек сайлау округі

Көктерек  әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2564 азамат енгізілді, олардың  2134-і дауыс берді.  Жарамсыз бюллетеньдер саны – 12, "Барлығына қарсы" деген жолда қойылған белгі -7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  Абдисаматов А.А– 6;  Сулейменкулов Б.Ш – 108;  Туржанова У.О– 2001.

         Көктерек кентінің әкімі болып Туржанова Умит Оразбаевна сайланды, 1965 жылы туылған,  Көктерек кентінің әкімі болып қызмет атқарған, Көктерек кентінде тұрады, "Nur Otan" партиясы ұсынған.

Сарыағаш ауданында кент және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА
Дата публикации
27 июля 2021