Сайрам ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген шекте білім беру саясаты саласында жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Сайрам ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі қызмет бағыты - білім саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.