Меню
Страницы

Выборы акима Тимурского сельского округа

Выборы акима Тимурского сельского округа

    Қазақстан Республикасының азаматы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып сайлану үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
    Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болып мыналар сайлана алмайды:
    - соттылығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
    - сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам.
    Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары арасынан төрт жыл мерзімге сайлайды.
    Сондай-ақ кандидаттарға мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларда көзделген талаптар қойылады:
    - азаматтың мемлекеттік қызметке қабылдануы мүмкін емес талаптар;
    - осы лауазымға кандидаттың (санаты Е-R-1) біліктілік талаптарына сәйкес келуі.
    Әкімдікке кандидаттар мынандай тәсілдермен ұсыныла алады:
    - белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялардың өз мүшелерінің қатарынан. Бұл кезде саяси партия бір сайлау округінде тек бір кандидатты ұсынуға құқылы;
    -дауыс беруге құқығы бар тиісті сайлау округі сайлаушыларының жалпы санының кем дегенде 1 пайызының қолдауы болғанда өзін-өзі ұсыну жолымен.
    Егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне екеуден аз кандидат ұсынылса, онда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзімін үш күннен аспайтын мерзімге ұзартады.
    Бұл ретте аудан әкімі ұсынылған кандидаттар болмаған немесе ұсыну мерзімі аяқталатын күні бір кандидат қана ұсынылған жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша тиісінше екі немесе бір кандидатты ұсынуға құқылы.
    Темір ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 18 шілдесінен басталып, 2024 жылғы 30 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК