Меню
Страницы

Стартовала республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан»

Стартовала республиканская экологическая акция «Таза Қазақстан»

    Бүгін республика бойынша жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Əр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаты бар.

    Науқанның алғашқы күнінен 13 сəуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Бастапқы жеті күн ішінде елдімекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кəсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен белгіленген аулаларды тазалайды.

    20 сəуірге дейін жалғасатын екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріледі. Бұл күндері тарихи-мəдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

    27 сəуірге дейінгі үшінші аптаға «Жасыл аймақ» тақырыбы қойылды. Бұл апталықта көшеттер отырғызылады жəне ағаштар əктеледі.

    «Өнегелі ұрпақ» деп аталған келесі апталық 4 мамырға дейін жалғасады. Айтылған күндері ардагерлер мен қарттардың аулаларына тазалық жүргізіліп, оларды абаттандыруға көмек беріледі.

    «Мөлдір бұлақ» атауы берілген соңғы, бесінші аптада су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК