Меню

Страницы

Статья

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 9 АЙДА 109 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫ АНЫҚТАЛҒАН

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар  қорытындыланған баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

Брифингте ағымдағы жылдың 9 айында Департаменттің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 154 қылмыс тіркеліп, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар – 109, ал жедел жолмен бүгінгі күнге - 87 қылмыстық іс анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда өсімнің байқалатындығы аталып өтілді.

Сондай ақ, Мирас Асқарбайұлы жыл басынан бері бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша - 46 қылмыс тіркелгенін жеткізді.

Және анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 1 млрд. 142 млн. теңгені құрағандығын, ал оның    1 млрд. 134 млн.теңгесі мемлекет бюджетіне толық қайтарылу арқылы   99%-ы өндірілгендігін мәлім етті.

Айта кетсек, Агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, облыстық, қалалық және аудандық басшыларға қатысты және де көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтауда бүгінгі күні Түркістан облыстық Департаментінің жедел қызметінің жеке құрамы жүйелі түрде қызмет атқаруда.

Баспасөз жиынының соңында Департамент басшысының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екенін алға тартып, қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық деректері туралы мәліметті тәулік бойы жұмыс жасайтын Агенттіктің 1424 CALL орталығына хабарлауға болатынын жеткізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Дата публикации
27 октября 2020
Дата обновления
27 октября 2020
Тип
Пресс-релизы

Сейчас читают

Информация
16 июля 2025
Долгосрочный рост: чистый инвестиционный доход с 2014 года составил 11,67 трлн тенге
Информация
16 июля 2025
Юные казахстанцы воспользовались средствами в размере 13,34 млн долларов США по программе «Национальный фонд – детям»
Информация
16 июля 2025
Отмечается рост количества услуг, оказываемых ЕНПФ в цифровом формате

Социальные медиа

Акимат Отрарского района

Меню подвал

Экранный диктор
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Термины и обозначения
Цели устойчивого развития
Концепция цифровой трансформации