Ауданның ауылшаруашылығы саласында 43 млрд 931 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылмен салыстырғанда (35 млрд 316 млн. теңге) 110 пайызды құрап, 6 млрд .615 млн. теңгеге артты.
Жалпы өңірлік өнімнің 55,5 пайызын құрап, басқа аудан, қалалардың ішінде 2 орында.
Оның ішінде, мал шаруашылығы 22 млрд. 860 млн. теңгені құраса, егін шаруашылығы 21 млрд.009 млн. теңгені құрады.
Мәлімет үшін: Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 208 387 га, оның 85 715 га егістік жерлер (суармалы 33 131 га, тілім 52 584 га),103 271 га жайылымдық, 1 551 га көп жылдық қондырғылар, 4 758 га тыңайған жерлер, 936 га орман қорына кірмейтін ағаш бұталар екпелері, 3 593 га су қорына кірмейтін су астындағы жерлер, 1 702 га көше, жол асты жерлері, 519 га құрылыс асты жерлері, 6 342 га басқа да жерлер.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 374 гектарға орналастырылып (жоспар 65 100), өткен жылмен салыстырғанда 7 083 гектарға артты.