Меню
Страницы
Деятельность
Об управлении
Пресс-центр
Контакты
Документы
Онлайн приемная
Социальные проекты для неправительственных организаций
Все материалы
26 декабря 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН: ЖУАНТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ МЕН САЯБАҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Жуантөбе ауылында жабық үлгідегі кіші футбол алаңы мен жаңа саябақтың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жаңа нысандардың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысты. Ауыл тұрғындарын нысандардың ашылуымен құттықтап, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Жабық үлгідегі кіші футбол алаңы барлық заманауи талаптарға сай жабдықталған. Нысанда ойыншыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері, жарықтандыру жүйесі, жасанды көгал мен қауіпсіздік қоршаулары қарастырылған. Сонымен қатар алаң аумағы толық асфальт жабындысымен қамтылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Ал 1,5 гектар аумақта орналасқан жаңа саябақ бүгінде ауыл тұрғындарының демалып, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған жайлы әрі көрікті қоғамдық кеңістікке айналып отыр. Саябақ аумағында серуендеуге арналған жаяу жүргіншілер жолы, жарықтандыру шамдары, орындықтар, балалар ойын алаңдары мен спорттық жаттығу құрылғылары орнатылған. Көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, биыл Жуантөбе ауылдық округінде инфрақұрылымды жақсарту және елді мекенді абаттандыру бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Бәйтерек кешенін қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары атқарылды. Бұдан бөлек, «Шаңырақ» нысанында Құрмет тақтасын орнату жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
26 декабря 2025
Жаңалық
КЕНТАУ: ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА ГИДРОПОНИКАЛЫҚ ФЕРМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында көкөніс, салат, түрлі жидектер өндіруге бағытталған, жыл бойы жұмыс істейтін заманауи гидропоникалық ферманың құрылысы басталды. Жоба — ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңір экономикасын нығайту мақсатында қолға алынған. Аталған нысан Қарнақ ауылындағы Өндіріс парк аумағында бой көтеруде.
Жаңа өндіріс орны заманауи технологиялармен жабдықталып, өнімді жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Бұл экологиялық таза әрі сапалы өнім көлемін арттыруға, сонымен қатар ішкі нарықты отандық өніммен қамтуға жол ашады. Қала әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков құрылыс барысымен танысып, кәсіпкерге әкімдік тарапынан қажетті қолдау жұмыстары жүргізілетінін, сондай-ақ, алдағы уақытта Өндірістік парк аумағынан өз кәсіптерін бастайтын кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Өндіріс орны толық іске қосылғанда Қарнақ ауылы тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар, гидропоника технологиясы су ресурстарын үнемді пайдалануға және ауыл шаруашылығына инновациялық тәсілдерді енгізуге жол ашады. Айта кету керек, қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасымен кәсіпкерлерді бір жерге шоғырландыру мақсатында Қарнақ ауылынан арнайы 10 гектар жер бөлінген. Бүгінде онда бірнеше кәсіпкер өз жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
26 декабря 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРТА АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ МАҚТА КЛАСТЕРІ ҚАЛЫПТАСЫП, ҮШ ІРІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
▪️Бүгін – тарихи сәт. Отырар ауданында орналасқан көпфункционалды «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» аясында еліміздегі ең ірі, заманауи мақта өңдеу зауыты, сондай-ақ жылына 800 миллион метр суару лентасын өндіретін, 50 мың гектар егіс алқабын заманауи тамшылатып суару жүйесімен қамтамасыз етуге қауқарлы өндіріс орны іске қосылды. Сонымен қатар жобалар жұмысын біріктіріп, басқару мен бақылауды жүзеге асыратын жасанды интеллектке негізделген орталық басқару станциясы пайдалануға берілді.
▪️Механикаландырылған станция аталған ірі жоба үшін шетелден арнайы тапсырыспен жасақталған. Бір орталық арқылы 30 мың гектар алқаптағы суару, реттеу және бақылау жұмыстары автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады, бұл – Мемлекет басшысы тапсырмаларының нақты нәтижесі.
▪️Осылайша, Түркістан облысында мақта шаруашылығы саласының жаңа дәуірі – агроөнеркәсіп саласын түбегейлі жаңғыртатын, Орта Азия кеңістігінде баламасы жоқ мақта-тоқыма кластерін қалыптастыруға бағытталған ауқымды әрі стратегиялық жоба іске асырылды. Бұл – мақта өсіруден бастап, жіп иіру, мата тоқу, тігін және дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейінгі толық өндірістік циклді қамтитын, өңір экономикасына жаңа серпін беретін тарихи бастама. Аталған жоба мақта агроөнеркәсіптік салаға жүйелі өзгеріс енгізіп қана қоймай, шикізаттық бағыттан арылып, қосылған құны жоғары дайын өнім өндіруге көшуге негіз қалайды. Осы арқылы Түркістан облысында тұтас мақта-тоқыма экожүйесі қалыптасып отыр.
▪️Жоба аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су үнемдейтін озық технологияларды жедел енгізу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында тамшылатып суару жүйесін қолдану нәтижесінде су шығыны екі есеге дейін қысқарып, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі үш есеге дейін артты. Инновациялық технологиялардың арқасында әр гектардан орта есеппен 50–60 центнер мақта өнімі алынуда. Бұл климаттық өзгерістер жағдайында ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған тиімді шешім болып отыр. Аталған бастама Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру, шикізатты терең өңдеу, нақты секторды дамыту және жаппай цифрландыру арқылы экономиканы жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының өңірлік деңгейде нақты іске асқанын көрсетеді. Мақта саласында толық өндірістік циклді қалыптастыру арқылы өңірдің экспорттық әлеуеті артып, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл – Түркістан облысының ғана емес, тұтас ел экономикасының дамуына серпін беретін стратегиялық жоба.
▪️Жобаның іске қосылу рәсімінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бұл бастаманың маңызын ерекше атап өтті.
📌– Бүгін – тарихи сәт. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында өңірде ауқымды жобалар жүзеге асуда. «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» – сол бастамалардың ең ірілерінің бірі. Түркістан облысы – Қазақстандағы мақта өсіретін жалғыз өңір. Біздің басты мақсатымыз – мақтаны тек шикізат ретінде емес, терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығару. Бірегей жобаның ашылуы – Түркістан облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам. Бұл кәсіпорын заманауи технологияларды пайдалана отырып, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге көтерді. Қытайлық серіктестермен бірлесіп, 30 мың гектарға жуық алқапта тамшылатып суару әдісімен мақта егіліп, жоғары өнімділікке қол жеткізілді. Құны 21,1 млрд теңгені құрайтын екі мақта өңдеу зауыты жылына 180 мың тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл – аудан халқының ғана емес, тұтас өңірдің әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты нәтиже, – деді облыс әкімі.
▪️Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін қалыптастыратын ауқымды жоба аясында 10 зауыт іске қосылады, оның ішінде 4-уі егіс алқаптарына жақын мақта өңдеу бойынша, 2-уі – заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, тамшылатып суару жүйелерін өндіру бойынша, сондай-ақ тігін және бояу-әрлеу фабрикасын қоса алғанда, 4 тоқыма зауыты бар. Инвестициялардың жалпы сомасы 200 млрд теңгеден асады. 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Арнайы қалашықта жұмысшыларға барлық жағдай жасалған. Бүгінде кластердің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ПВХ құбырларын шығаратын зауыт іске қосылды, тоқыма фабрикалары салынуда.
▪️Күні кеше Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында толық циклді тоқыма бұйымдарын өндіретін ірі кешен іске қосылып, тоқыма өнеркәсібінің жаңа дәуірі басталды. Бұл кәсіпорын жыл сайын 11,4 мың тонна жіп, 47,3 млн шаршы метр мата, 2 млн төсек-орын жиынтығы және 4 млн көрпе өндіруге қауқарлы. Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан бұл ауқымды жобалар өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтеріп, экономиканың тұрақты өсуіне негіз қалайды. Түркістан енді тек тарихы терең, руханияты биік өңір ғана емес, өндірісі дамыған, инновацияға негізделген экономикалық орталық ретінде қалыптасуда.
▪️Алдағы 5 жылда мақтаны өсіруден бастап дайын киім шығаруға дейінгі толық циклді кәсіпорындар жүйесі түбегейлі іске асырылып, Түркістан облысы Орта Азиядағы жетекші мақта-тоқыма орталығына айналуға бағыт алып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СФОРМИРОВАН НЕ ИМЕЮЩИЙ АНАЛОГОВ В СРЕДНЕЙ АЗИИ ХЛОПКОВЫЙ КЛАСТЕР, ЗАПУЩЕНЫ ТРИ КРУПНЫХ ЗАВОДА
▪️Сегодня - исторический момент. В рамках проекта многофункционального «Туркестанского хлопчатобумажного агропромышленного комплекса» в Отырарском районе запущены крупнейший в стране современный хлопкоперерабатывающий завод, и предприятие, способное обеспечить современными системами капельного орошения 50 тысяч гектаров посевных площадей и производить 800 млн метров оросительной ленты в год. Также введена в эксплуатацию центральная станция управления на основе искусственного интеллекта, которая объединяет работу этих предприятий и осуществляет управление и контроль. Механизированная станция была специально заказана из-за рубежа для этого крупного проекта. Орошение полей, регулирование и контроль над 30 тыс. га посевных площадей через один центр будут осуществляться посредством автоматизированной системы. Это реальный результат реализации поручений Главы государства в регионе.
▪️Таким образом, в Туркестанской области дан старт масштабному и стратегическому проекту, направленному на формирование новой эры в хлопководстве. Создаваемый хлопчатобумажный кластер, не имеющий аналогов на территории Средней Азии, радикально модернизирует агропромышленную отрасль. Это историческая инициатива включает в себя полный производственный цикл - от выращивания хлопка до прядения, ткачества, шитья и производства готовой текстильной продукции, что дает новый импульс экономике региона. Данный проект не только внесет системные изменения в хлопчатобумажную агропромышленную отрасль, но и избавит от сырьевой направленности и создаст основу для перехода на производство готовой продукции с высокой добавленной стоимостью. Благодаря этому в Туркестанской области формируется целая хлопко-текстильная экосистема.
▪️В рамках проекта, направленного на реализацию поручения Главы государства Касым-Жомарта Токаева по оперативному внедрению передовых водосберегающих технологий, в результате применения систем капельного орошения потери воды сократились в два раза, а урожайность сельскохозяйственных культур увеличилась в три раза. Благодаря инновационным технологиям в среднем с каждого гектара выходит 50-60 центнеров хлопковой продукции. Это эффективное решение направлено на устойчивое развитие сельского хозяйства в условиях климатических изменений. Данная инициатива отражает реальную реализацию поручений Главы государства по модернизации экономики через диверсификацию экономики, глубокую переработку сырья, развитие реального сектора и массовую цифровизацию на региональном уровне.
▪️За счет формирования полного производственного цикла в хлопковой отрасли вырастет экспортный потенциал региона и появятся тысячи рабочих мест. Стратегический проект даст толчок развитию экономики не только Туркестанской области, но и страны в целом.
▪️На церемонии запуска проекта аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров особо отметил важность этой инициативы.
📌- Сегодня исторический момент. Во исполнение поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева в регионе реализуются масштабные проекты. "Туркестанский хлопковый агропромышленный комплекс" - одна из крупнейших таких инициатив. Туркестанская область - единственный регион в Казахстане, где выращивают хлопок. Наша главная цель - глубокая переработка хлопка не только в качестве сырья, но и производство продукции с высокой добавленной стоимостью. Открытие уникального проекта является важным шагом, который повысит агропромышленный потенциал Туркестанской области и выведет сельскохозяйственную отрасль на новый уровень. Запуск нового комплекса с использованием современных технологий выведет хлопководство на новый уровень. Совместно с китайскими партнерами на площади около 30 тысяч гектаров был посеян хлопок методом капельного орошения, благодаря чему достигнута высокая урожайность. Два хлопкоперерабатывающих завода стоимостью 21,1 миллиарда тенге позволят перерабатывать 180 тысяч тонн хлопка-сырца в год. Это реальный результат, направленный на повышение благосостояния не только населения района, но и всего региона, - сказал аким области.
▪️В Туркестанской области, в рамках масштабного проекта по формированию хлопко-текстильного кластера, будут запущены 10 заводов, из них 4 - по переработке хлопка вблизи посевных площадей, 2 - по производству систем капельного орошения с применением современных водосберегающих технологий, и 4 текстильных завода, включая швейную и красочно-отделочную фабрики. Общая сумма инвестиций превышает 200 млрд тенге. Будет создано более 4 тысяч рабочих мест. В специальном городке созданы все условия для рабочих. Для обеспечения потребностей кластера запущен завод по производству труб из ПВХ, строятся текстильные фабрики.
▪️Вчера в специальной экономической зоне «TURAN» города Туркестана был открыт крупный комплекс по производству текстильных изделий полного цикла - началась новая эра текстильной промышленности. Предприятие способно ежегодно производить 11,4 тыс. тонн пряжи, 47,3 млн квадратных метров ткани, 2 млн комплектов постельного белья и 4 млн одеял.
▪️Эти масштабные проекты, реализуемые в Туркестанской области, поднимут агропромышленный потенциал региона на новый уровень и заложат основу для устойчивого роста экономики. Туркестан теперь позиционируется не только как регион с глубокой историей и высокой духовностью, но и как экономический центр с развитым производством, основанный на инновациях.
▪️В ближайшие пять лет в регионе будет сформирована система предприятий с полным циклом - от выращивания хлопка до выпуска готовой одежды, и Туркестанская область превратится в ведущий хлопко-текстильный центр в Средней Азии.
Пресс-служба акима Туркестанской области
24 декабря 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН: 2026 ЖЫЛДАН БАСТАП БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ЕНГІЗІЛЕДІ
2026 жылдың 1 ақпанынан бастап балалар ұйымдарына мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі енгізіледі. Жаңа бақылау жүйесі жазалауға емес, алдын алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.
«Заң нормаларына сәйкес, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын балалардың тамақтануын, медициналық қызметпен қамтылуын, білім алуын, тәрбиесі мен сауықтырылуын қамтамасыз ететін ұйымдар ерекше бақылау нысандары ретінде мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жаңа тетігі аясында тексерілетін болады. Заң аясында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі енгізіледі. Өзгерістер жоспарлы тексерулер және мониторинг арқылы бақыланады. Алғашқы тексеру кезінде айыппұл салынбайды. Бірақ, нақты мерзімі көрсетілген бұзушылықты жою үшін нұсқама беріледі. Нұсқама орындалмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру жүргізіледі. Қазіргі таңда заңның толық іске асуын қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде» - деп баяндады спикер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
24 декабря 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САУДА АЙНАЛЫМЫ 1,8 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ
Биыл Түркістан облысында сыртқы сауда айналымы 1 млрд 766,5 миллион АҚШ долларын құрады Былтырғы жылмен салыстырғанда сауда айналым 710 миллион АҚШ долларға ұлғайған. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Айдос Қадірбердиев мәлімдеді.
«Облыс көлемінде Өзбекстан Республикасымен шектесетін 6 кеден бекеті және 2 бақылап-өткізу пункті жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Атамекен», «Б.Қонысбаев», «Қапланбек» және «Қазығұрт» өткізу пункттері қайта жаңғыртудан өтті. Сондай-ақ, «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінің көлік жолағы 2-ден 6-ға ұлғайды. Одан бөлек, 2026 жылдың тамыз айына дейін «Жібек Жолы» өткізу пунктіндегі қайта құрылымдау жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Аталған бекетте құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін көлік құралдарының жолағы 2-ден 4-ке ұлғаяды. Кеден бекетінің өткізу қабілетін арттыруға және кедендік рәсімдеулерді жеделдетуге бағытталған іс-шаралар нәтижесінде өткізу пункттерінен жүктердің өту уақыты 3 сағат 30 минуттан 45 минутқа дейін қысқарды. Қазіргі таңда кеден бекеттері арқылы тәулігіне екі бағытта 2000-нан астам жүк көліктері, 1500 жеңіл көлік және 40 мыңға жуық жеке тұлғалар өтеді. Одан бөлек, мұнай өнімдерін шығарудың 260 дерегі анықталып, сотпен 15,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, 24,7 тонна бензин және 35,3 тонна дизель отыны тәркіленді. Сонымен қатар, жалпы салмағы 29,2 грамм есірткі тәркіленді. Көлік құралдарының салмақтық және көлем талаптарының сақталуы бойынша 3 769 заңбұзушылықтар анықталып, 159 млн теңге айыппұл өндірілді» - деп баяндады сала маманы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
ВНЕШНЕТОРГОВЫЙ ОБОРОТ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ СОСТАВИЛ ОКОЛО 1,8 МИЛЛИАРДА ДОЛЛАРОВ
В этом году внешнеторговый оборот в Туркестанской области составил 1 млрд 766,5 млн долларов США по сравнению с прошлым годом торговый оборот увеличился на 710 млн долларов США. Об этом на брифинге сообщил руководитель управления таможенного контроля после выпуска товаров Департамента государственных доходов по Туркестанской области Айдос Кадирбердиев.
"В области функционируют 6 таможенных постов и 2 контрольно-пропускных пункта, граничащих с Республикой Узбекистан. Согласно поручению Главы государства, реконструированы пункты пропуска "Атамекен", "Б. Конысбаев", "Капланбек" и "Казыгурт". Также увеличена транспортная полоса пунктов пропуска "Атамекен" и "Казыгурт " со 2 до 6. Кроме того, до августа 2026 года планируется завершить реконструкцию пункта пропуска "Жибек Жолы". После завершения строительных работ на данном посту полоса транспортных средств увеличится с 2 до 4. В результате мероприятий, направленных на увеличение пропускной способности таможенного поста и ускорение таможенных процедур, время прохождения грузов с пунктов пропуска сократилось с 3 часов 30 минут до 45 минут. В настоящее время через таможенные посты в сутки в двух направлениях проходит более 2000 грузовых автомобилей, 1500 легковых автомобилей и около 40 тысяч физических лиц. Кроме того, выявлено 260 фактов выпуска нефтепродуктов, судом наложено административных штрафов на сумму 15,1 млн тенге. Также изъято 24,7 тонны бензина и 35,3 тонны дизельного топлива. Кроме того, изъято наркотическое средство общим весом 29,2 грамма. По соблюдению требований к весу и объему транспортных средств выявлено 3 769 нарушений, взыскано штрафов на сумму 159 млн тенге" - доложил специалист отрасли.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
24 декабря 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫСҚЫ МЕЗГІЛДЕГІ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА
Бұл туралы брифингте Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Серікбайұлы мәлімдеді.
«Түркістан облысында қысқы мезгілде автомобиль жолдарын күтіп ұстау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы ретте, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін қардан тазалауға 330 бірлік техника мен 1 155 жұмысшы жұмылдырылмақ. Сондай-ақ, көктайғақтың алдын алуға инертті материалдардан 10 151 текше метр құм және 2 278 тонна тұз қоры бар. Одан бөлек, ауа-райының қолайсыз мезгілінде жолда қалып қойған жолаушыларға автомобиль жолдарының бойында 4 жылыту бекеті орналасқан. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданындағы Шыбықбел, Одаманбұлақ және Созақ ауданындағы Ащысай, Таскөмірсай жылыту бекеттері. Жылыту бекеттері бір мезгілде 40 адамды қабылдай алады. Бекеттер төсек орын және азық түлікпен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, қардың қалың жаууына байланысты автомобиль жолдарында төтенше жағдайлар туындаған жағдайда құтқару жұмыстары қарастырылған»,- деді басқарма басшысының орынбасары.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Түркістан облыстық филиалының директорының орынбасары Қуатбек Мырзабекұлының сөзінше, биыл орташа және күрделі жөндеу бойынша 12 жоба іске асырылуда.
«Биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2,331 млрд теңге бөлінді. Күтіп-ұстау жұмыстары аясында жолдарды жөндеу, жол белгілерін орнату, доңғалақ қағарларды қалпына келтіру, жолдың жүріс бөлігін таңбалау, жол бетіндегі бояуларды жаңарту, катафот және шу жолақтарын орнату, шақырымдық белгі қою жұмыстары атқарылған. Сонымен қатар, автомобиль жолдарының бойында орналасқан аялдамалар мен демалыс алаңшаларды, санитарлық орындарды, жол бойындағы нысандарды сырлау және жаңарту жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, өртке қарсы минералды жолақ жырту, жол жиегін жөндеу, жаяу жүргіншілер жолағын таңбалау сынды жұмыстар жүргізілуде», - деді спикер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
24 декабря 2025
Жаңалық
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 85 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР ГАЗОБЛОК ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Ордабасы ауданындағы «Бадам» индустриалды аймағында өңірдің өндірістік әлеуетін арттыратын маңызды инвестициялық жоба – «AERO» атты газоблок өнімдерін шығаратын зауыттың салтанатты ашылуы өтті. Аталған өндіріс орны аудан экономикасын дамытуға, құрылыс саласын сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған ірі жобалардың бірі. Шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, инвесторлар мен кәсіпорын ұжымы қатысты.
Жобаның жалпы инвестициялық құны - 2,5 миллиард теңге. Өндіріс орны 3 гектар аумақта орналасқан. Зауыт жылына 85 мың текше метр автоклавталған газоблок өндіруге қауқарлы. Бастапқы кезеңде 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Зауытта заманауи технологиялар қолданылып, беріктігі жоғары әрі халықаралық стандарттарға сай өнім шығарылады.
Айта кетейік, соңғы екі жылда ауданда 9 өндіріс орны іске қосылып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
24 декабря 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 100 МЫҢҒА ЖУЫҚ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛ БАР
Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбай айтты.
«Бүгінде мемлекеттік қызметте еңбек ететін 5 611 қызметкердің 1 572-і нәзік жандылар. Оның ішінде, 233 әйел басшылық лауазымдарды атқарады. Облыс көлемінде қазіргі уақытта 216 100 кәсіпкер тіркелген, олардың шамамен 94 012-сі әйелдер. Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша салааралық кеңесі» құрамында 29 әйел кәсіпкер бар. Аталған кеңес өз қызметінде әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту, бизнес нысандарына қатысты кедергілерді азайту және әйелдердің экономикалық бастамаларын қолдау бойынша нақты жобаларды іске асырады. Осы орайда Түркістан қаласында ҚР ҰКП «Атамекен» жанынан 2021 жылы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылған болатын. Ондағы оқу курстарына 120-дан астам әйел қатысып, кондитерлік өнім өндіру, визажист, SMM, тігін және аспаздық бағыттар бойынша кәсіби дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, 12 кәсіпкерге жеке менторлық қызмет көрсетіліп, 5 кәсіпорынға сыртқы бағалау жүргізілді. Сондай-ақ, 51 әйел кәсіпкерге халықаралық жобаларға қатысу бойынша қолдау көрсетіліп, 14 қыз-келіншек арнайы оқудан өтті. Одан бөлек, биыл сервистік қолдау аясында 561 кәсіпкерге қолдау көрсетілді, олардың 252-сі әйелдер»,- деді спикер.
Сонымен қатар, брифингке қатысқан облыстық кәсіпкер әйелдер ассоциациясының мүшесі Гүлмира Салыбекова әйел кәсіпкерлер өңір экономикасына, салық түсімдеріне және жаңа жұмыс орындарының ашылуына елеулі үлес қосып жатқандығын айтты. Сонымен қатар, әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатында гранттар, субсидиялар және микронесиелер бағдарламаларын кеңейту, жергілікті көрмелер мен сауда форумдары арқылы өнімдерді насихаттаудың тиімді тұстарына тоқталды.
Айта кетейік, биыл кәсіпкерлерді қолдау бойынша «Бірыңғай кешенді» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлерге 22,8 млрд. теңге жеңілдетілген несие қаржысы берілген. Жеңілдетілген несиелердің 42%-н әйел кәсіпкерлер алған.
Түркістан облсыының Өңірлік коммуникациялар қызметі
24 декабря 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАНДА «ШЕКСІЗ ӘЛЕМ» АТТЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ
2025 жылғы 23 желтоқсан күні Түркістан қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғамдағы орны мен мүмкіндіктерінің шексіз екенін көрсету, сондай-ақ инклюзивті мәдениетті дамыту.
Мерекелік кешке Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының басшылығы, құқық қорғау органдарының басшылары, басқарма жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен 70-тен астам бала қатысты. Олар – облыстық басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінушілер.
Іс-шара барысында балаларға арналған арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Жігері мұқалмаған ерекше балалар өнер көрсетіп, көпшілікті сүйсіндірді. Оларға белгілі өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар қолдау көрсетті.
Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Өз сөзінде аймақ басшысы ерекше балаларды қолдау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті.
– Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер өмірге деген құштарлықтарыңыздың арқасында мойымай, мол жетістіктермен қуантып келесіздер. Мемлекет басшысы ерекше балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оңалту орталықтарының желісін кеңейтуді тапсырған. Бүгінде өңірімізде ерекше балаларға тиісті қолдау шаралары көрсетілуде. Облысымызда балаларға арналған 5 оңалту және 6 «Қамқорлық» орталықтарында 15 мыңнан астам балаға қызмет көрсетілді. Құрметті жас достар! Бүгінгі іс-шара сіздер үшін арнайы ұйымдастырылып отыр. Жаңа жылда армандарыңыз орындалып, жетістіктеріңіз еселене берсін! – деді Нұралхан Көшеров.
Мерекелік кеш Аяз ата мен Ақшақардың жаңа жылдық құттықтауымен жалғасты. Танымал әнші Құрмаш Маханов бастаған өнерпаздар да жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
--
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЛО НОВОГОДНЕЕ МЕРОПРИЯТИЕ «ШЕКСІЗ ӘЛЕМ»
23 декабря в отеле Rixos города Туркестана прошло праздничное мероприятие «Шексіз әлем», организованное для детей с особыми потребностями. Главная цель мероприятия - подарить радость детям, показать, что их возможности в обществе безграничны, а также способствовать развитию инклюзивной культуры.
В праздничном вечере приняли участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, председатель областного маслихата Нуралы Абишов, депутаты, руководство областного филиала партии «AMANAT», правоохранительных органов и управлений, представители НПО, СМИ и более 70 детей - подопечные центров оказания специальных социальных услуг областного управления.
В ходе мероприятия была представлена специальная концертная программа. Дети выступили на сцене, вызвав восхищение гостей. Поддержку им оказали известные артисты и творческие коллективы.
С поздравительной речью выступил аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, затем он вручил детям новогодние подарки. Глава региона подчеркнул, что поддержка детей с особыми потребностями является приоритетным направлением социальной политики государства.
- От всей души поздравляю вас с наступающим Новым годом! Благодаря вашей тяге к жизни вы не сдаетесь и радуете нас своими достижениями. Глава государства поручил расширить сеть реабилитационных центров для оказания медицинской и социальной поддержки. На сегодняшний день в нашем регионе принимаются все необходимые меры. В области функционируют пять реабилитационных центров и шесть центров «Қамқорлық», в которых услуги получили более 15 тысяч детей. Дорогие юные друзья! Сегодняшний праздник организован специально для вас. Пусть в новом году исполнятся все ваши мечты! - сказал Нуралхан Кушеров.
Вечер продолжился новогодними поздравлениями Деда Мороза и Снегурочки. Праздничное настроение гостям также подарили известные артисты, в числе которых певец Курмаш Маханов.
Пресс-служба акима Туркестанской области
24 декабря 2025
Жаңалық
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОС МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жаңаталап және Атамекен елді мекендерінде жаңа медициналық нысандар бой көтеріп, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді.
Жаңа нысандардың ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Алмас Салимов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қатысып, тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтады.
Аудан басшысы халық денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, аудан аумағында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар шалғай ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету мәселесі үнемі назарда болатынын айтты.
Жаңаталап елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік пункт заманауи талаптарға сай салынған және қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Нысанда акушерлік, күндізгі стационар, физиотерапия, бала дамуын бақылау бөлмелері қарастырылған. Сондай-ақ ЭКГ аппараты мен жүрек қызметін тексеруге арналған заманауи медициналық құрылғылар орнатылған. Дәрігерге дейінгі қабылдау бөлмелерімен жабдықталған мекеме бір мезетте 20 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда жалпы 5 медицина қызметкері жұмыс істейді.
Атамекен елді мекеніндегі медициналық тірек те тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге бағытталған. Нысан бір мезетте 20 адамға қызмет көрсете алады. Аталған медициналық нысандардың құрылыс жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Жобаның тапсырыс берушісі – «CK ABU GROUP» ЖШС.
Жаңа медициналық нысандар ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауға, сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға және өңірдің әлеуметтік әлеуетін нығайтуға зор үлес қосады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Социальные сети
Меню подвал
Экранный диктор
Термины и обозначения
Политика конфиденциальности
Правила размещения информации на интернет-портале открытых данных
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК