Меню

Страницы

Статья

Информация о проделанной работе в сфере предпринимательство и туризм 2019

         

Кентау қаласында 2019 жылғы  бойынша кәсіпкерлік саласындағы атқарылған жұмыс жоспары туралы

 

            Өнеркәсіп және кәсіпкерлік саласы

2019 жылдың 10 айында өнеркәсіп кәсіпорындарында 23233,8 млн. теңгенің өнімін өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,6 пайызды құрады. (2018 жылы 10 айы  – 100,9%)

Өңдеу өнеркәсібінде 21338,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады.

         Шағын және орта кәсіпкерлік

         2019 жылғы 10 айында қолданыстағы шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 8590 бірлікті, белсенді 8417, ал, 2018 жылдың осы кезеңіне 6784 бірлік, белсендісі 6567 бірлікті құрап, 2019 жыл 2018 жылдың 9 айлық кезеңімен салыстырғанда тіркелгендер 126,6%-ға, белсенділер 128,1 %-ға ұлғайды.

         Шағын және орта бизнес субъектілерінің 2019 жылдың 10 айында өндірген өнімдері мен жасаған қызметтерінің соммасы  70 566,2 млн.теңгеге, өткен  2018 жылдың  осы кезеңіне өндірген өнімдері (61134,8 млн.тенге) деңгейіне шаққанда 115,4% өсімді құрап отыр.

        

         Инвестиция

         Қаланың негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі (бюджеттік инвестиция кірмейді) 2019 жылғы 10 айында 16517,8 млн. теңге құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (12315,4 млн. теңге)  өсімі 124,0 % құрады.

        

Кентау қаласы бойынша инвестициялық жобалар.

 

  1. «Кентау Полиметалл» ЖШС-і тарапынан (полиметалл концетраттарын өңдеу) зауытының жобасын жүзеге асыруда. Жоба құны- 650,0 млн.теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 65-70 мың тонна мыс-алтын аралас концентратын өңдеу жоспарланған. Бұрынғы «Мырғалымсай» руднигінің ғимаратын сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстары, құрылғыларды орнату және монтаждау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта «Кентау Полиметалл» ЖШС-де қойма ғимараты, механикалық учаскенің бұрынғы ғимараты, жүк тиеу мен түсіруге арналған үстеме, жұмыс істейтін кран-көтергіш механизмдері бар, жалпы ауданы 3199 ш.м. 2 қабатты әкімшілік ғимараты, ауданы 916,12 ш.м. жұмысшылар үшін үй-жайлар, жер учаскесі 1-39 га. алып келінетін кенді одан әрі пайдалану үшін базаға іргелес жатқан бос жері бар. «Кентау Полиметалл» ЖШС ағымдағы жылдың қазан айынан бастап іске қосылды.      
  2. «ГМК Ащысай» ЖШС-і жалпы құны - 12 млн. АҚШ долларын құрайтын (полиметалл рудаларын өндіру және өңдеу) зауытының жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі таңға «Fortebank» АҚ-на кепілге қойылған «Ащысай түсті металл зауытын» 64,0 млн. теңгеге және Шымкент қорғасын зауытының өндірістік қалдықтарын 24,0 млн. теңгеге сатып алынды.
  3. «Vostok Minerals» ЖШС тарапынан жалпы құны - 138,4 млн. теңгені құрайтын (барит өнімдерін өңдеу) жобасы жүзеге асырылуда. Жобалық қуаттылығы – жылына 50 мың тонна барит өңдеу жоспарлануда.  Ашылатын жұмыс орны - 110 адам. Бүгінгі таңда тоқтап тұрған өндіріс орны «Южполиметалл ӨК» АҚ-ның кен байыту кешенін сатып алып, құрал-жабдықтар орнатып, мамыр айынан бастап іске қосылды.
  4. «Dal Holding» (Түркия) инвесторлары Кентау қаласы аумағына жылыжай комплексі құрылысына қызығушылық танытып 250 га жерге сұраныс жасауда, осыған орай қала әкімдігі тарапынан тиісті бөлім басшыларымен жиналыс жасалып қадамдық іс шарасы жасалды.
  5. «AvelarSolarTeghnology» ЖШҚ (Ресей) инвесторлары күн сәулесі электростанция құру мақсатында 200га жер телімін алуға қала әкіміне сұраныс берді.
  6. «АБН Альянс» ЖШС полиэтиленді труба шығару цехі. Жобаның құны 600млн. құрайды. Жобалық қуаттылығы – жылына 1500 тонна труба шығарады. Ашылатын жұмыс орны - 50 адам. Бүгінгі таңда тоқтап тұрған бұрынғы Бетонзавод ғимаратын сатып алып, құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде.
  7. «АБН Альянс» ЖШС радиатор шығару цехі. Жобаның құны 1,200 млн. құрайды. Жобалық қуаттылығы – жылына 600 мың штук радиатор шығарады.  Ашылатын жұмыс орны - 50 адам. Бүгінгі таңда тоқтап тұрған бұрынғы Бетонзавод ғимаратын сатып алып, құрал-жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілуде.
  8. 8. «Түркістан Кірпіш Зауыты» ЖШС м-150 маркалы кірпіш шығару зауыты. Жобаның құны 1,600 млн. құрайды. Жобалық қуаттылығы – жылына 30 млн. дана кірпіш шығарады. Ашылатын жұмыс орнын саны - 100 адам. Бүгінгі таңда, Жаңа Икан а/о М-150 маркалы кірпіш зауытын салу үшін    2 га аумақ жер алынды.

 

Кен өндіру

 

  1. «Қызылата» мыс-кобальт кен орнына 2016 жылы «Ай Карааул» АҚ-ы тарапынан геологиялық-барлау жұмыстары басталып, 8 ұңғыма бұрғыланды. Мамандардың қорытындысы бойынша алғашқы нәтижелер жақсы көрсеткіштерді берді. 2017-2018 жылдары «Ай Карааул» АҚ-ның қаржылық қиындықтарына байланысты кен орнын барлау жұмыстары тоқтатылды. 2018 жылы «Металл инвест 17» ЖШС «Ай Караауыл» АҚ №4816-ҚПҚ (қатты пайдалы қазбалар, бұдан әрі - ҚПҚ) келісімшарты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын иеленді. Мәміле Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің рұқсатымен жасалды.

         Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушы тарапынан №4816-ҚПҚ келісімшарты бойынша Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінен қосымша келісімшартты алу жұмыстары жүргізілуде.

  1. «Смена» полиметалл кен орны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті тарапынан барлау жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланып, 2017 жылғы 14 желтоқсанда «Кентау ЦМ» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңға келісімшарт алу жұмыстары жүргізілуде.
  2. «Хантағы» полиметалл кен орны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті тарапынан барлау жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланып, 2017 жылғы 14 желтоқсанда «АлиТур КZ» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңға келісімшарт алу жұмыстары жүргізілуде.
  3. «Қарасай» полиметалл кен орны ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті тарапынан барлау жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланып, 2017 жылғы 14 желтоқсанда «АлиТур КZ» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңға келісімшарт алу жұмыстары жүргізілуде.
  4. «Ансай» барит кен орны ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы «ГРК Металлинвест» ЖШС тарапынан барит өнімдерін өндіруге құқық беру туралы 2017 жылғы 24 қарашада өткен жұмысшы топ отырысының хаттамасы алынды. Аталған жоба облыстық өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізіліп, 2020 жылы жүзеге асыру жоспарлануда. Ағымдағы жылы барит өнімдерін өндіруге жоба әзірлеу бойынша конкурс өткізу және «Ансай» кен орнынан барит өнімдерін өндіруге келісімшарт алу жұмыстары атқарылатын болады.
  5. «Байылдыр қалдық сақтау қоймасын» барлау жұмыстарын жүргізуге жарияланған конкурстың қорытындысымен «ЭКОсплав» ЖШС-і жеңімпаз болып танылып, 2017 жылғы 3 қазандағы контракт негізінде 3 жыл мерзімге барлау жұмыстарын жүргізуге келісімшарт алынды.

         Алайда, «ЭКОсплав» ЖШС тарапынан қаржылық қиындықтарына байланысты кен орнын барлау бойынша келісім-шартты сатылымға қойылған.

  1. «Ырмақсу алтын кен орны» бойынша барлау жұмыстарын жүргізуге жарияланған конкурс қорытындысымен 2017 жылғы 12 желтоқсанда жеке кәсіпкер «Д.Т.Медеуова» жеңімпаз болып танылды. 2018 жылдың 25 қаңтарында Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы тұрғындарымен «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді. Бүгінгі таңға келісімшарт алу жұмыстары жүргізілуде.
  2. «1,2,3 (клинкер) Ащысай полиметалл комбинаты техногендік минералды түзілімдері» бойынша ағымдағы жылы «Rich Investment» ЖШС тарапынан ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы 1,2,3, үйінділерде (клинкер) барлау жұмыстарын жүргізуге 20.06.2018 жылы №212-ҚПҚ келісім-шарт алып, 2018-2019 жылдары барлау жұмыстары жүргізіледі. Барлау аумағы - 0,916 км2, инвестиция көлемі 78,6 млн. теңге.

Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы.

 

Кентау қаласы бойынша 2015-2019 жылдары өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы құны – 52290,9 млн. теңге 6 жоба енгізіліп, 4 жоба толығымен  іске асырылды. Оның ішінде:

  1. «ЮгЭлектроПривод» ЖШС «Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару» жобасы, жоба құны -828,0 млн.теңге. 2015 жылы желтоқсан айында цех құрылысы жұмыстары аяқталып, іске қосылды. 50 жаңа жұмыс орны ашылған. 2018 жылдың 12 айында 191,0 млн.теңгеге /5487 дана/ өнім шығарды. 2019 жылдың 10 айында 127,4 млн.теңгеге /7185 дана/ өнім шығарды.
  2. «Электродеталь» ЖШС «35-110-220 трансформаторлар үшін металлқұрылымдар жасайтын және электрооқшаулар бөлшектерін шығару» жобасы, жоба құны -816,0 млн.теңге. 2016 жылдың соңында іске қосылды. 50 жаңа жұмыс орны ашылған. 2018 жылдың 12 айында 481,6 млн.теңгеге /2025 дана/ өнім шығарды. 2019 жылдың 10 айында 394,2 млн.теңгеге /1715 дана/ өнім шығарды.
  3. «Статус Эверест» ЖШС – «ПЭТ, ПП, ПЕ» қатты қалдықтарды қайта өңдеу» жобасы, жоба құны 150,0 млн.теңге. Жұмыс орындары 20 адам. Іске асырылған мерзімі қаңтар айы 2019 жыл. 2019 жылдың 10 айында 50,2 млн.теңгеге /154625 тн/ өнім шығарды.
  4. «Vostok Minerals» ЖШС – «Барит өнімдерін өңдеу» жобасы, жоба құны 700,0 млн.теңге. Жұмыс орындары 40 адам. Іске асырылған мерзімі мамыр айы 2019 жыл.  2019 жылдың 10 айында 28,8 млн.теңгеге /1676 тн/ өнім шығарды.
  5. «ГРК «Металлинвест» ЖШС-нің «Барит концентратының өндірісімен Ансай кен орынының барит кеніне өнеркәсіптік қазба жұмыстарын жүргізу» жобасы. Жоба құны -4559,1 млн.теңге. Іске асыру мерзімі 2020 жылы. 
  6. «Mining consult co» ЖШС «Полиметалдық кендерді өндейтін кешені» жобасы. Жоба құны 45 849,4 млн.теңге. Іске асыру мерзімі 2022 жыл. Жаңадан ашылатын жұмысшылар саны -760.

 

Индустриялды аймақ.

Кентау қаласындағы индустриялық аймақтың (бұдан әрі - ИА) жалпы ауданы 25 га., 5,15 га-на 5 жобаны іске асыру жоспарланып, 4,3 га-на инженерлік инфрақұрылым орналасқан, 15,55 га жер телімі бос.

Бүгінгі таңға Индустриялық аймақта 2 жоба толық іске асырылған, атап айтқанда:

  1. «ЮгЭлектроПривод» ЖШС, жоба - Тоқ және кернеу ажыратқыштарын, айырғыштарын, өлшегіш трансформаторларын шығару, жер көлемі – 2 га, жоба құны – 828,0 млн. тг., іске қосылу мерзімі – желтоқсан 2015 жыл, қуаттылығы - жылына 8820 дана, жұмыс орны - 50 адам.
  2. «Электродеталь» ЖШС, жоба – 35-110-220 трансформаторлар үшін металлқұрылымдар жасайтын және электрооқшаулар бөлшектерін шығаратын цех, жер көлемі – 1,6 га, жоба құны – 816,0 млн. тг., іске қосылу мерзімі – желтоқсан 2016 жыл, қуаттылығы - жылына 8000 дана, жұмыс орны - 50 адам.

Индустриялды аймаққа орналасып, 2019 жылы іске қосылатын жобалар. Атап айтқанда.

«Бесқасқа» ЖШС «Асфальт-бетон қоспасын өңдеу зауыт құрылысы» жобасы, жоба құны 189,5 млн,теңге. Жер көлемі 1 га. Жылдық қуаттылығы 200 мың тонна асфальт-бетон қоспасын шығару. Зауыт құрылысы толығымен аяқталған. Бүгінгі таңда жоба әзірленіп, сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілген. Алайда  2018 жылда әзірленген жоба(проект) дұрыс болмауына байланысты сараптамадан өткізілмей кері қайтарылған.

Сонымен қатар жер телімінің мерзімі өтуіне байланысты, «ОҚО Бизнесі» Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысыныда қарау үшін құжаттар қайта жолднып, оң шешімі алынды. 2018 жылдың 5 қазанда №8 хаттама.

Кәзіргі таңда  жобының іске қосу мақсатында «Бесқасқа» ЖШС-нің басшылары өтініші қайта қаралып және Кентау қала әкімдігінің жер қатынастары бөліміне  өткізілді. Жоба толығымен іске асқанда 20 адам жұмыспен қамтылатын болады.

ЖК Е.Ауэзов «Оттегі шығаруды ұйымдастыру» жобасы, жоба құны 45 млн,теңге. Жер көлемі 0,25 га. Жылдық қуаттылығы 25 мың дана оттегі баллонын толтыру көзделуде. Цех құрылысы толығымен аяқталған. Сонымен қатар жер телімінің мерзімі өтуіне байланысты, «ОҚО Бизнесі» Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысыныда қарау үшін құжаттар қайта жолдап, оң шешімі алынды. 2018 жылдың 5 қазанда №8 хаттама.

Кәзіргі таңда құжаттарын Кентау қала әкімі қаулысының оң шешімі шығып, мемлекеттік актісі алынды.

 Жоба толығымен іске асқанда 10 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сонымен қатар аймаққа қызығушылық танытқан 6 жобамен келіссөздер жүргізіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:

-«ЭХТ» ЖШС, «Гипохлорид өндіру цех» жобасы, жоба құны 56 млн.теңге. қажетті жер телімі 0,5 га. Жылдық қуаттылығы 5 мың тонна гипохлорид. Ашылатын жұмыс орын саны 12 адам. Өңірлік үйлестіру кеңесінің қорытындысы алынып, Кентау қала әкімдігінің  жер қатынастары бөлімінен мемлекеттік актісі берілді. Бүгінгі таңда қала әкімі қаулысының оң шешімі алынып, мемлекеттік актісі азірленді.

         -ЖК Таженов Е, «Штукатурка торын шығару цехі» жобасы, жобаның болжамдық құны 55 млн.теңге, қажетті жер телім 0,3 га. Ашылатын жұмыс орын саны 10 адам. Жоба бойынша тиісті құжаттар жинақталып, өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауынан оң шешімі алынып Кентау қала әкімінің қаулысының оң щешімі қаралып, мемлекеттік актісі алынды.

  «ATSGroupLTD» ЖШС «Асфальт-бетон қоспасын өңдеу зауыт құрылысы» жобасы, жобаның болжамдық құны 66,1 млн.теңге, қажетті жер телім 2,2 га. Ашылатын жұмыс орын саны 20 адам. Жоба бойынша тиісті құжаттар өңірлік үйлестіру кеңесінің қаралуынан оң шешімі алынып Кентау қалалық жер қатынастар бөлімінде мемлекеттік актісі алынды.

  «МЖ-Алихан» ЖШС «Темірбетон бұйымдарын жасау» жобасы, жобаның болжамдық құны 92 млн.теңге, қажетті жер телім 0,8 га. Ашылатын жұмыс орын саны 25 адам. Жоба бойынша тиісті құжаттар өңірлік үйлестіру кеңесінің қаралуынан оң шешімі алынды.

  «Rich Investment» ЖШС «Техногендік-минералды түзілімдердің өрескел қорғасын өндіру тау-кен металлургия кешенінің құрылысы» (Строительство горно-металлургического комплекса по производству чернового свинца на базе техногенных-минеральных образований) жобасы, жобаның болжамдық құны 1 млдр 888 млн.теңге, қажетті жер телім 1 га. Ашылатын жұмыс орын саны 267 адам. Жоба бойынша тиісті құжаттар өңірлік үйлестіру кеңесінің қаралуынан оң шешімі алынды.

«Сим Тас» ЖШС «Керамзит кирпішін өндеу завод құрылысы» (Строительства керамзитово-кирпичного завода) жобасы, жобаның болжамдық құны 458 млн.теңге, қажетті жер телім 2 га. Ашылатын жұмыс орын саны 29 адам. Жоба бойынша тиісті құжаттар өңірлік үйлестіру кеңесінің қаралуынан оң шешімі алынды.

«Береке-Жол-Д» ЖШС «Жол битумдарын өндіруге арналған зауыт құрылысы» (СТРОИТЕЛЬСТВО ЗАВОДА  ДЛЯ ВЫПУСКА ДОРОЖНОГО БИТУМА) жобасы, жобаның болжамдық құны 200 млн.теңге, қажетті жер телім 1 га. Ашылатын жұмыс орын саны 25 адам. Жоба бойынша тиісті құжаттар өңірлік үйлестіру кеңесінің қаралуынан оң шешімі алынды.

 

Шағын және орта кәсіпкерлік секторының  дамуы.

Кентау қаласы және оған қарасты елді мекендерде Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Кәсіпкерлікті қолдау орталығының мамандарының қатысуымен ауыл тұрғындарымен «Бизнес жол картасы – 2020» мемлекеттік  бағдарламасы мен «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» арқылы берілетін жеңілдіктер бойынша әр ай сайын кездесулер өткізілуде.

Мемлекеттік гранттар алуға арналған конкурс ағымдағы жылдың мамыр айында құжаттар қабылданып, ЖК «Асыл Қазына»-Утепова Гульзейнеп Аманбаевнаның «Тігін шеберханасы»  жобасына  3,0 млн теңге және ЖК «Демеу» Д.Утебаева «Тігін шеберханасы» жобасына 1,0 млн теңге мемлекеттік гранттар ұсынылды.

«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына сәйкес, «Қарапайым заттар экономикасы» Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласы бойынша 13 жоба қатысуға ниет білдірді. 13 жобаның 3 жоба мақұлданып, несиелендірді. Атап айтқанда «Яссы құс» ШҚ өндірісті ұлғайту мақсатына 115 млн. тнг., «Сауле» бөбекжай балабақшасы» ЖШС ғимаратты күрделі жөндеу өткізуге 30,0 млн. тг., «Тастай» ШҚ жылқы басының ұлғайтуға 15 млн. тнг.     

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты шеңберінде жыл басынан «Ырыс» МҚҰ арқылы жалпы соммасы 236,6 млн теңге құрайтын 79 жоба қаржыландырылды.

         «Яссы-несие» НС жыл басынан кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалары аясында 380,9 млн.теңге соммасын несиелендірген.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында «Бастау-бизнес» және жас кәсіпкер жобасы арқылы  243 адам сертификат алды.

 

 

 

 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының

бағасын тұрақтандыру мәселелері

 

         2019 жылдың 10 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларынан 2 тауар түрі арзандаған (жұмыртқа 10,7% -ға, құмшекер 8,3% -ға)

         16 тауар түрі  қымбаттаған (күріш 36,0%-ға, 1 сұрыпты ұн(2 кг) 35,7%-ға, қарақұмық жармасы 13,3%-ға, нан 16,6%-ға, макарон өнімі 12,5%-ға, сиыр еті 22,5%-ға, тауық еті 6,6%-ға, 2,5 пайыздық пастертленген сүт 7,1%-ға,              2,5 пайыздық айран 6,3%-ға, сүзбе 7,6%-ға, 72,5 пайыздық сары май 5,5%-ға, күнбағыс май(1л) 2,4%-ға, қырыққабат 30,0%-ға, сәбіз 37,5%-ға, картоп 20,0%-ға.

         1 тауар түрінің бағасы тұрақты (тұз).

 

Тауар атауы

01.01.2019 ж

01.11.2019 ж

Өсу/төмендеу

%

1

Күріш

250

340

+36,0

2

1 сұрыпты ұн(2 кг)

280

380

+35,7

3

Қарақұмық жармасы

150

170

+13,3

4

1 сортты ұннан ж-н нан

120

140

+16,6

5

Макарон өнімі

160

180

+12,5

6

Сиыр еті

1550

1900

+22,5

7

Тауық еті

750

800

+6,6

8

Сүт 2,5% майлылықпен

280

300

+7,1

9

Айран 2,5% майлылық

235

250

+6,3

10

Сүзбе

650

700

+7,6

11

Жұмыртқа

22-28

28-29

+27,2

12

Сары май 72,5

900

950

+5,5

13

Күнбағыс май (1 л)

410

420

+2,4

14

Қырыққабат

100

130

+30,0

15

Пияз

110

80

-27,7

16

Сәбіз

80

110

+37,5

17

Картоп

100

120

+20,0

18

Құмшекер

240

220

-8,3

19

Тұз

50

50

0,0

        

         Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында қаланың «Ынтымақ» орталық алаңында әр сенбі күні жәрменке ұйымдастырылады, тұрғындар бір апталық мерзімге тұтынуға сатып алуда.  Азық-түлік және ауылшаруашылық тауарларының шекті бағаларын қою мақсатында, «Береке», «Нұрлығайын», «БайСалКерім», «Нұргелді» сауда базарларындағы бөлшек сауда, көтерме сауда және қаладағы ірі сауда дүкендердегі бағаларға тұрақты мониторинг жүргізіліп, жәрмеңкеге шекті баға ұсынылып, бекітіледі. Жәрмеңкеге 12 ауылдық округтері ішінен қалаға жақын шаруа қожалықтары белсенді қатысуда.

         Кентау қаласы және оған қарасты ауылдарда 2019 жылдың 10 ай   қорытындысымен ұйымдастырылған жәрмеңкелердің жалпы саны 34 құрады. Әр жәрмеңкеде әлеуметтік маңызды ауыл шаруашылық тауарлардың ішінде картоп 440-600 кг 10 айда 17,7 т.), басты пияз 300-460 кг (10 айда 12,9 т.), сәбіз 220-320 кг (10 айда 9,2 т.), қызылша 80-120 кг (10 айда 3,4 т.), қызанақ 60-120 кг (10 айда 3,6 т.), қияр 25-40 кг (10 айда 1,2 т.), құс еті 60-130 кг (10 айда 3,2 т.) қой еті 80-95 кг (10 айда 2,9 т.), сиыр 350-420 кг (10 айда 13,1 т.), жылқы еті 320-400 кг (жыл басынан 12,2 т.) шамасында сатылып келеді.

         Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының (ӘМАТТ) тізбесі Үкіметтің №145 қаулысына өзгерістер енгізіліп, 19 тауар түріне күнделікті мониторинг жүргізіліп, салалық басқармаға жолданып келеді. ӘМАТТ –ның бағасын тұрақтандыру мақсатында, дәрі-дәрмектер бағаларының себепсіз көтерілуінің алдын-алу үшін қалалық кәсіпкерлермен екі жақты меморандумдар, тауар өтімділігі жоғары 4 қала кәсіпкерлерімен меморандумдар түзілген.

        

Туризм саласы

         Кентау қаласының аумағында туристік нысандарға барар жолдардың бойында заманауи талаптарға сай келетін 4 әжетхана жұмыс істеуде, туристік нысандарға барар жолдар қанағаттанарлық жағдайда және су, электро-энергия көздері тартылған. Қала аумағында жалпы 4 қонақ үй жұмыс жасауда. Кентау қаласында ішкі туризмді дамытуға арналған. Жас туристер станциясы жұмыс істейді. Кентау қаласының аумағында орналасқан 3 туристік нысандарға (Шаммат-Ишан мұражайы, 1000 жылдық Тұт ағашы, Кентау қалалық мұражайы) барар жолдардың бойында 3 тілде сілтемелер және туристік нысандардың төлқұжаты орналастырылған. Жалпы қала бойынша 7 сілтеме және төлқұжат: 3 төлқұжат, 4 сілтеме (Қаратау табиғи қорығы үшін 1 сілтеме).      2017 жылы Имам Бахили Мазаратына Үккәш ата көшесінен баратын Желдірмен көшесін орташа жөндеуге  14 370 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары аяқталды. «Тұт ағашына» баратын Күндала көшесін абаттандыруға 8 285  мың теңгеге асфальт төселіп, Шаммат Ишан, Имам Бахилий мазаратында орналасқан Тұт ағашының алдына автотұраққа асьфалт төселіп жөндеуден өтті. Кентау қаласының «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің экоағарту және туризм бөлімінің көрсететін қызметтері үшін 2019 жылдың 10 айында 416 адамға туризм бойынша қызмет көрсетілген. Кентау қалалық музейіне және қалаға қарасты Қарнақ ауылында орналасқан Шаммат Ишан мешітіне 2019 жылдың 10 айында келушілер саны 6277 адамға қызмет көрсетілген. 2019 жылдың 10 айында қалада орналасқан қонақ үйлерде 1491 адамға қызмет көрсетілгені тіркелді. 

         Қазіргі таңда 1 туристік маршрут дайындалған. Бұл маршрутта «Хантағы Кемпіртас»; ғылыми танымдық кешені «Қаратау табиғаты», Ханның тағы, Жасарбұлақ, Күлжабай сайы, Тастын бауы, Кемпіртас экскурсиялық соқпақты тамашалау қарастырылған. Қарнақ елді мекеніндегі «Шаммат Ишан» мешіті және «Имам Бахли» мазарындағы 1000 жылдық тарихы бар Тұт ағашын тарихи-танымдық «Түркістан-Укаш ата» туристік маршруты облыстың туристік маршрутына енгізілді.

 

         Кентау қаласы аумағына қосылған ауылдық округтердегі туристік нысандар бойынша:

         Бабайқорған ауылдық округі аумағында орналасқан Үкаш ата мазары ел есінде аңыз болып қалған киелі орын. Үкаш ата дегенде ең әуелі жұрттың есіне тау басындағы құдық еске түседі. Қаратау бөктерінде Ислам дінін таратушы Үкаш сахабаның кесенесі мен құдығы орналасқан. Кесене мен құдықтың екі арасы шамамен алғанда бір шақырымдай. Мұнда келген әрбір адам бірінші Үкаш атаның қабірі орналасқан кесенеге кіріп құран оқиды. Онан кейін барып тау басындағы құдықтың басына барып су алады. Қазіргі уақытта Үкаш ата қабірі басына тұрғызылған кесене тарихи-мәдени ескерткіш ретінде мемлекет қарауына алынған. Түркістан қаласынан 42 шм жерде орналасқан. Үкаш ата туристік нысанына бүгінгі таңда абаттандыру жұмыстары толығымен жүргізіліп алыс жақын шет елдерден келетін туристерге қолайлы жағдай жасалған.

        

        

Қалалық кәсіпкерлік және

туризм бөлімінің басшысы                                           К.Тулепбергенов

Дата публикации
15 января 2020
Дата обновления
15 января 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
Информация
30 сентября 2022
КАЛЕНДАРНЫЙ ПЛАН
Информация
26 июля 2021
СООБЩЕНИЕ

Социальные медиа

youtube
instagramm
facebook

Меню подвал

Жизненные ситуации
Новостной канал государственных органов
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Президента РК
Сайт Парламента РК
Концепция цифровой трансформации
Цели устойчивого развития