Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 26 наурыздағы № 64 қаулысы

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  2025 жылғы 26 наурыздағы № 64 қаулысы

     

Қазығұрт ауданы, Жігерген

және Қарабау ауылы округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау

туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына,  113- бабына және 133 -бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазығұрт ауданы, Жігерген және Қарабау ауылы округтері әкімдерінің өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, Қазығұрт ауданы, Жігерген және Қарабау ауылы округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы  4 - мамырға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 4 - мамырға тағайындалған Жігерген және Қарабау ауылы округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-беттерінде жариялансын.

 

Төраға                             Р.Бобетов

Хатшы                            Б.Дөненбай

Дата публикации
26 марта 2025