ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2026 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІМЕН ТҮЗІЛГЕН АКТ
Күні: 09.03.2026 жыл.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілген.
Қағиданың 24-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру басқару органдарының, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың және (немесе) өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Төлеби ауданында орналасқан 58 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2026 жылдың 5-6 наурыз күндері мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша актілер қосымшаға сәйкес жарияланады.
Қағиданың нормалары бұзылған жағдайда, мектепке дейінгі ұйымдар Комиссия актісін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы құжаттарды аудандық білім бөліміне ұсыну қажет.
Комиссия құрамы:
(Түркістан облысының білім басқармасының 2026 жылғы 2 қыркүйектегі №337 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2026 жылғы 23 қаңтардағы №16 бұйрығымен бекітілген )
Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлы - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а., комиссия төрағасы, білім беру органының өкілі;
Касымбекова Айгул Ерхалиевна - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары, білім беру органының өкілі, комиссия мүшесі;
Нұрпейісов Жандос Саттарұлы - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары, білім беру органының өкілі, комиссия мүшесі;
Салимов Алмас Алтайұлы - Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық жергілікті мемлекеттік басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың төрағасы комиссия мүшесі, жергілікті өкілді органның өкілі (келісім бойынша);
Жанаева Ғалия Амиралиевна - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімі басшысы, білім беру органының өкілі, комииссия мүшесі;
Мырзазия Жеңіс Мірәліұлы - «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, білім беру органының өкілі;
Ыдырыс Әзірет Талғатұлы - ҚР ҰКП «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы,комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Турежанова Гулмира Нурмахановна - «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілі (келісім бойынша);
Қамбарова Зухра Медеуқызы - «Қазақстан халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы (келісім бойынша);
Зекенова Кызбек Талгатовна - «Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Бейсембаев Бақытжан Жармаханович - «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Қосымшада: 58 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мониторинг нәтижесі бойынша актілері.