МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ НӘТИЖЕСІМЕН ТҮЗІЛГЕН АКТ
Күні: 18 ақпан 2025 жыл.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары бекітілген.
Қағиданың 24-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру басқару органдарының, аккредиттелген (салалық) қауымдастықтардың және (немесе) өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Мақтаарал ауданында орналасқан 5 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2025 жылдың 18 ақпан күні мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша актілер қосымшаға сәйкес жарияланады.
Қағиданың нормалары бұзылған жағдайда, мектепке дейінгі ұйымдар Комиссия актісін алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы құжаттарды аудандық білім бөліміне ұсыну қажет.
Комиссия құрамы:
(Түркістан облысы білім басқармасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы №459 бұйрығымен бекітілген)
- Маханбетов Жандос Маханбетович – «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а., комиссия төрағасы;
- Нұрпейісов Жандос Саттарович – «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
- Расұл Самат – Түркістан облысы әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала мониторинг бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
- Салимов Алмас Алтайұлы – Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті мемлекеттік басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялардың төрағасы, комиссия мүшесі;
- Кульбаев Сергали Серикович – ҚР ҰКП «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы, комиссия мүшесі;
- Мырзазия Жеңіс Мірәліұлы – «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, комиссия мүшесі;
- Кембаева Гүлнар Әсетқызы – «Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы, комиссия мүшесі;
- Төлебаева Айгүл Маратовна – «Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы, комиссия мүшесі;
- Қуанышбаев Мақсат Әділханович – Бекзат Саттарханов атындағы «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі, комиссия мүшесі;
- Ахмет Майра Өтегенқызы – «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, комиссия мүшесі;
- Зайнитдинова Дилрабо Асатуллаевна – «АМАНАТ» партиясының Түркістан облыстық филиалының мүшесі, комиссия мүшесі.
Қосымшада: 5 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мониторинг нәтижесі бойынша актілері.