Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Түркістан облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда атқарылып отырған жұмыстар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ДАМЫТУДА АТҚАРЫЛЫП ОТЫРҒАН ЖҰМЫСТАР:

Негізгі мәлімет

Түркістан облысындағы 66 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымында 48947 студент білім алуда (оның ішінде мемлекеттік тапсырыс аясында 31518).

2019 жылы күндізгі бөлімде оқыған колледж бітірушілерінің жұмысқа орналасқандарының жалпы үлесі 66,4%, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқығандардың бірінші жылы жұмысқа орналасқаны 73,3% құрайды.

Білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде 8 сала бойынша құрылған жұмыс тобының ұсынысына сәйкес және Конкурстық комиссияның шешімі бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен 2019-2020 оқу жылында 51  білім беру ұйымына 7494 орын көлемінде білім беру тапсырысы бөлінді.

2020-2021 оқу жылына облыс әкімдігінің қаулысымен 7291 орын көлемінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген.

Халықты «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім» жобасына қатысуға көптеп тарту мақсатында 16 аудан, қалада жалпы саны 712 адамнан тұратын 74 мобильдік  топ құрылып, атқарылған жұмыстар нәтижесімен 2019-2020 оқу жылында облыс бойынша бағдарлама шеңберінде 3704 азамат қабылданып, қазіргі таңда 7770 азамат білім алуда.

2019-2020 оқу жылында дуальды оқыту 36 колледжде 4333 студентті қамти отырып, 43 мамандық бойынша жүргізілуде.

Кадрлар даярлау ісінде тараптардың жауапкершілігін қамтамасыз етуге, практиканы күшейту, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес оқытудың мазмұны жаңартуға қатысты өзгерістер енгізіліп, дуальды оқыту аясында практика 80% -ға дейін өсті.

Жазғы демалыс кезінде құрылыс мамандарын даярлайтын 12 колледж студенті және 2 колледжден ерікті жастар облыс аумағындағы құрылыс объектілерінде жұмыс істеу үшін жалпы саны 511 студентті құрайтын құрылыс отрядтары жұмыс жасады.

 

«Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім» жобасы

«Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім» жобасына көптеп тарту мақсатында 16 аудан, қалада жалпы саны 712 адамнан тұратын 74 мобильдік топ құрылып, нәтижесінде, 2019-2020 жылы облыс бойынша бағдарлама шеңберінде 3704 азамат қабылданып, қазіргі таңда 7860 азамат білім алуда.

Білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде 8 сала бойынша құрылған жұмыс тобының ұсынысына сәйкес және Конкурстық комиссияның шешімі бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен 51 білім беру ұйымына облыстық бюджеттен 7601 орын   мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы мен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан азаматтарды бағадрламаға тарту бойынша бірлескен жұмыстар атқарылуда, мектептерде кәсіптік бағдарлау кабинеттері ашылып, колледждер тұрақты түрде ашық есік күндерін өткізеді, аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтары маргинальды топ жастарын техникалық және кәсіптік білім алуға насихаттауда. Атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат жергілікті БАҚ құралдары мен әлеуметтік желілердегі парақшалар беттерінде жариялануда.

 

Дуальды оқыту

2019-2020 оқу жылында дуальды оқыту 36 колледжде 4333 студентті қамти отырып, 43 мамандық бойынша жүргізілуде. Кадрлар даярлау ісінде тараптардың жауапкершілігін қамтамасыз етуге, практиканы күшейту, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес оқытудың мазмұнын жаңартуға қатысты өзгерістер енгізіліп, дуальды оқыту аясында практика 80% -ға дейін өсті. Дуальды оқытуға қатысатын ірі кәсіпорындар өндірістік практика кезінде студенттерге «Хамит» СПК кәсіорыны 65000 теңге, Кентау трансформатор зауыты, Стандарт Цемент зауыттары 35000 теңге көлемінде айлық жалақы төлеп, студенттердің әлеуметтік жағдайларына қолдау көрсетуде. Жазғы демалыс кезінде құрылыс мамандарын даярлайтын  12 колледж студенті және 2 колледжден ерікті жастар Түркістан облысын дамытуда   құрылыс объектілерінде жұмыс істеу үшін жалпы саны 511 студентті құрайтын құрылыс отрядтары жұмыс жасады.

 

WorldSkills қозғалысы

WorldSkills қозғалысын дамыту мақсатында республикалық чемпионатқа қатысушылар токарлық іс құзыреттілігі бойынша РФ, Мәскеу қаласындаға DNG Mori академиялық базасында, Кентау трансформатор зауыты, Алматы әскери зауытында,  педагогика құзыреттілігінен  №2 Челябинск педагогикалық колледжінде, сантехника және жылыту жүйесі құзыреттілігінен Алматы қаласындағы Ротенберг компаниясы, электротехника және IT-технология құзыреттілігінен DOSTI инновациялық орталығы, «Alageum Electric» АҚ-ның Алматы қаласындағы құрылымдық бөлімшесі «ЛевИнтеграция» ЖШС базасында, құрылыс саласынан Шымкент қаласындағы «Elianto» фирмасы мен Германиялық «Knauf» компаниясының   электромонтаж құзыреттілігінен «Шымкент лифт-стой»  мекемесінде, мехатроника құзыреттілігінен «Festo» (Германия) компаниясы және т.б. кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатып, халықаралық технологиялармен жабдықталған олардың базаларында тағылымдамадан өтіп, кәсіби шеберлікті шыңдау   нәтижесімен Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 11-15 қараша күндері өткізілген «WorldSkills Kazakhstan-2019» V республикалық чемпионатына облыс атынан қатысқан 33 студенттің 17-сі (4 алтын,  2 күміс, 2 қола, 9 медальон) жеңімпаз атанып, жалпы командалық есепте Түркістан облысы үшінші орынды иеленді. Бұл республика бойынша кәсіптік білім сапасының үштіктің қатарында екендігін көрсетеді.

Білім алушылардың кәсіби шеберлігін шыңдап, Worldskills халықаралық чемпионатқа дайындау үшін 2020 жылы қаңтар айында Ресейдің Тольятти қаласында сырлау және әрлеу құзыреттілігінен Кентау көпсалалы колледжінің «WorldSkills Kazakhstan-2019»                        V республикалық чемпионатының алтын медаль иегері Тәліпхан Мақсат оқытушысымен бірге, 2018 жылы Будапешт қаласында өткізілген WorldSkills чемпионатының жүлдегері П.Райтбауэрдің басшылығымен тағылымдамадан өтіп, жаттығу жұмыстарын жасады. Сонымен қатар, Семей қаласындағы электротехникалық колледжде 4 құзыреттілік (өндірістік автоматика, газоэлектрдәнекерлеуші, электромонтаж, электротехника) бойынша 12 студент қазіргі таңда практикалық дайындықтан өтуде, екінші кезеңде 7 құзыреттілік бойынша тағы 17 студентті а.ж. 20 ақпанынан 10 күнге жіберіледі.

 

Техникалық және кәсіптік білім берудің сапасын арттыру

Облыста техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Басқарманың бұйрығымен 2018 жылдан бері экономиканың дамуына қажетті басымдықтарға байланысты 8 сала бойынша (білім беру, қызмет көрсету және туризм, техникалық және технологиялық, көлік, тігін және тоқыма өндірісі, IT-технологиялар, құрылыс, ауыл шаруашылығы) облыста 17 колледжде 22 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтар құрылып (24.10.2018 жылғы №283 бұйрығы), техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытудың кешенді жоспары іске асырылуда.

Аталған жоспарға сәйкес, бірқатар келелі жұмыстар ақтарылып, мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнында мамандар даярлау үшін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның педагогикалық шеберлік орталығымен түзілген меморандум аясында облыстағы педагогикалық колледждерде арнайы пәндерден сабақ беретін 233 оқытушы біліктілігін арттыру курсынан өтті.  Педагогика мамандарын даярлайтын облыстағы 17 колледждің жұмысшы оқу жоспарына (ЖОЖ) мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнында мамандар даярлаудың әдістемесі бойынша сағаттар бөлінді. Барлық колледждердің ЖОЖ-на  WorldSkills-тің стандарты, қағидасы, әдеп кодекстерін меңгеруге факультатив сабақ есебінен арнайы сағаттар бөлінді.Облыстағы колледждерде «Атамекен» ҰКП келісілген,  бір біліктілік орнына 2-3 біліктілікке дейін беруді көздейтін жаңа білім беру бағдарламалары ендірілді. Ал, IT-технология  құзыреттілігі бойынша «Festo» (Германия) компаниясының өкілдерін тартумен мехатроникадан  тренинг, «Vision интернет маркетинг» компаниясының мамандарын тартумен IT-технология саласы бойынша 22 азамат оқыту курсынан өткізілді. Құзыреттілік орталықтардың жұмысын жандандыру мақсатында мамандықтар бойынша облыстық кәсіптік байқаулар мен семинарлар өткізілді. 

Сонымен қатар, кәсіптік білім саласын дамытуда  Өзбекстан Республикасы жоғары және арнайы орта білім беру министрлігімен тоқыма өндірісі, тігін өндірісі, киім дизайны, автокөлік жөндеу және қызмет көрсету, тамақ өнеркәсібінен аспаз, кондитер, даяшы, шаштараз т.б.  құзыреттіліктері бойынша Келес ауданындағы  №13 колледж Ташкент қаласындағы 3 колледжбен, Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжі 1 колледжбен, Сайрам ауданындағы А.Исмайлов атындағы кәсіптік колледж «Renovation services group» және Өзбекстанның көркемөнер Академиясы жанындағы П.Бенков атындағы республикалық көркемөнер колледжімен ынтымақтастық орнатып, бірлескен жұмыстар атқарылуда.

 Колледждер арасында кәсіптік білім берудің озық тәжірибесін тарату және тәжірибе алмасу мақсатында Ресейдің TrueConf бағдарламалық порталы арқылы онлайн-сабақтар мен видеоконференциялар ұйымдастырылып, жыл басынан бері 142 онлайн-сабақ таратылды.

 Шетелдік ынтымақтастық шеңберінде «Қазақ-неміс политехникалық колледжі»  Германиялық компания өкілдері бірлесіп, сапалы мамандарды даярлау бойынша меморандум түзілді. Колледждің арнайы пән оқытушылары мен кәсіпорындағы студенттердің тәжірибе жетекшісі Германияда тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибені ендіру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстағы педагог кадрлардың әлеуеті жоғары, ауылшаруашылығы мамандарын дайындайтын колледждерде  5 ғылым докторы, 12 ауылшаруашылық  ғылымдарының кандидаттары, 9 ғылыми ізденушілер сабақ береді.

Түркістан жоғары аграрлық колледжі, Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі республикалық оқу-әдістемелік орталық ретінде құрылып, қолданбалы бакалавриат мамандықтары бойынша мамандар даярлау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен қолдау тапты.

Сонымен бірге, Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі  Қазақ Ұлттық аграрлық университеті ғалымдарымен бірлесіп, ветеринария саласы бойынша ғылыми жобалар  жұмыстарын жүргізуде. Аталған колледжде мамандар даярлау мен ғылыми тәжірибелік жұмыстар жүргізу нәтижесімен Сарыағаш ауданының эпизоотиялық картасын жасап шығарды. Сондай-ақ,  ауылшаруашылығы ғылымындағы жаңа технологиялық жетістіктерді  пайдаланып, малды асылдандыру тәжірибесі енгізілуде және оған сәйкес мамандар даярлауда.

Осы ғалымдар мен тәжірибелі оқытушылардың авторлығымен ауылшаруашылық саласындағы мамандықтар бойынша Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі 3 мамандық  бойынша жалпыға бірдей мемлекеттік стандарттары мен 14 оқулық мен 7 оқу-әдістемелік құрал, 24 электрондық кітаптар,  2 Атлас (анатомия және физиология, паразитология пәні бойынша), Мақтарал аграрлық колледжі  5 мамандық бойынша стандарт,   19  оқулық шығарса,  Түркістан жоғары аграрлық колледжі 1 мамандық бойынша стандарт, 10 мамандық бойынша модулдық оқу бағдарламаларын, 2 оқулық шығарса,  Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде 12 ғылыми жұмыс патенттелді және ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы рұқсатымен республика көлемінде ауылшаруашылық мамандарын даярлайтын колледждер  пайдалануда.

 

«Жас маман»  жобасы

«Жастар – Ел тірегі» ұлттық жобасы аясында облыста 12 колледж «Жас маман» жобасына шеңберінде 2020-2021 жылдары занамауи құрал-жабдықтармен қамту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде 5 колледж 2020 жылы, 7 колледж 2021 жылы қаржыландырылады.

 

Колледждерді сенімгерлік басқаруға беру

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша облыстық кәсіпкерлер палатасының ұсынысы бойынша 4 колледждің 3-уін  2019 жылғы  27 желтоқсан күні өткен электронды тендердің қорытындысымен, сатып алу құқығынсыз 10 жылға сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер жеңімпаздарымен келісім-шарттар түзіліп, қабылдау өткізу актісі жасалды.

 Кентау қаласындағы №7 колледж мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізде сенімгерлік басқаруға беру бойынша  конкурстық құжаттар әзірленіп, конкурсты жариялау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар

Қазіргі таңда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің   бастамасымен басқармаға қарасты 26 мемлекеттік және 19 жеке меншік  колледжде «Sanaly Urpaq» жобасы жүзеге асуда.

Жыл басынан бері Jastar.kz жобасы аясында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында 14 акция ұйымдастырылып, оған 2000-нан астам студент қатысты. Әлеуметтік желілердегі білім беру ұйымдарының парақшалары арқылы бейнероликтер таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семестрдің аяқталуына орай колледждерде «Парасыз сессия» акциялары мен «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Сыбайлас жемқорлыққа деген әлеуметтік көзқарас», «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті індет», т.б. тақырыптарда семинарлар мен дөңгелек үстелдер тұрақты түрде өткізілді.

Түркістан қаласы колледждерінің студенттері Transparency Kazakhstan жазғы мектебінде оқу курстарынан өтіп, жыл бойында бірыңғай  Адалдық сағаттарын өткізіп, әлеуметтік желілерде «Ұстаздар сыйлық алмайды» видеэстафетасы жариялады. Сонымен қатар, колледждерде Парасаттылық мектептері ашылып, Integrity Shop дүкендері ашылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында басқарманың бұйрығымен   бақылаушылар штабы (8 адам) құрылып барлық колледждерде штабтың мекен-жайы, телефон номерлері жазылған баннерлер ілінді,  217 қоғамдық өкілдерден құралған мобильді бақылаушылар тобы құрылып, колледждердегі қабылдау емтихандары кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің орын алуын болдырмау, емтихандардың өтуіне ашықтық пен жариялылық қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, қабылдау емтихандарын өткізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы бойынша арнайы мониторингік топ мүшелері оқу орындарының қабылдау комиссия құрамына қосымша бұйрықпен енгізіліп, оқуға қабылдау емтихандарға қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Облыстағы 66 колледждің директоры лауазымдық қызметті   өзіне қарасты білім беру ұйымында  қызметкерлердің сыбайластық фактілеріне жол бермеуіне және қатаң қадағалауға Міндеттеме қабылдады. Аталған жұмыстарды тұрақты түрде жалғасын тауып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жандандырылатын болады.

 

Тәрбие жұмыстары туралы

Jastar.kz жобасы шеңберінде ҚР Білім жән ғылым министрлігінің бастамасымен «ҚР колледждерінің 100 үздік студенті» жобасына облыстағы 12 студент іріктеуден өтіп, 6 білім алушы 100 үздік студент тізімге енді. Педагог-психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ҚР  «Право» қоғамдық қорының «Шанс» кәмелетке толмағандарды психологиялық-әлеуметтік, құқықтық қолдау орталығының ұйымдастыруымен желтоқсан айында 2 оқыту семинары ұйымдастырылып, оған 51 қызметкер қатысты. Сонымен бірге, «ReFrame» тұлғалық дамыту орталығының мамандарын тарта отырып, ақпан айынан бастап 41 педагог-психологты оқытылуда. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында жүргізіліп отырған жұмыстар ҚР Үкіметінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде. Жоғарыда көрсетілген жұмыстар нәтижесімен облыста оң өзгерістер орын  алып, елеулі жетістіктерге жеткені айқын көрініп тұр.

Барлық білім беру ұйымдарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында жобалық кеңсе қызметкерлерінің қатысумен жастар арасында кездесулер, түрлі іс шаралар өткізілуде. ТжКБ ұйымдары қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын жасақтап, жұмыстар жүргізуде. Білім беру мекемелері «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы  «Туған жер » шығармалар байқауы, «Алтын қазына» қолөнер шығармашылық сайысы өткізілсе, «Туған жерге туыңды тік» жобасына  зерттеу турлары мен жорықтарға шығу арқылы қатыстырылуда. 

Облыстың жас кәсіпкерлері мен облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығының қатысуымен «Ұлы дала тұлғалары» бизнес-сұхбаты, «Кәсіптік білім беру және бизнес» тақырыбында облыстық форум өткізілді.

Документы
Қорытынды
04 марта 2022
Түркістан облысының білім басқармасы
З АК Л Ю Ч Е НИЕ № КСК-0043/19 от 07.06.2019 г. по рабочему проекту «Капитальный ремонт здании ОСШ №13 имени Навои в с. Колкент Сайрамского района, ЮКО»
Қорытынды
04 марта 2022
Түркістан облысының білім басқармасы
З АК Л Ю Ч Е НИЕ № КСК-0042/19 от 07.06.2019 г. по рабочему проекту «Капитальный ремонт здании ОСШ №6 имени Кирова в с. Карамурт Сайрамского района, ЮКО» ЗАКАЗЧИК: ГУ «Отдел образования Сайрамского района» ГЕНПРОЕКТИРОВЩИК: ТОО «Строй-проект-инвентаризация» город Шымкент
Шешім
06 января 2021
Түркістан облысының білім басқармасы
Қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ
Новости
Полезные материалы
Түркістан облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласы қарқынды даму жолында!
Түркістан облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамытуда атқарылып отырған жұмыстар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Түркістан облысының білім басқармасы
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының Әкімшілік жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының Бухгалтерлік есеп, мемлекеттік сатып алу инфрақұрылымды және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

@turkistan.obl.bilim.basqarmasy
Түркістан Облысының Білім Басқармасы

Меню подвал

Қазақстан Республикасының ұлттық стандарты
Өмірлік жағдайлар
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты