Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
29 января 2024
Көлік министрлігі мен Еуропалық банк отандық көлік секторын дамыту перспективаларын қарастырды

ҚР Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев Брюссель қаласында Бельгия премьер-министрінің орынбасары Жорж Гилькинемен кездесті. Кездесу барысында Еуропа мен Қазақстан арасындағы көлік дәліздерін кеңейту, сондай-ақ екі елдің көлік саласындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастығын дамыту және нығайту мәселелері  талқыланды.

Атап айтқанда, Марат Қарабаев Қазақстан мен Бельгияның жүк тасымалдаушылары арасында байланыс орнатуды ұсынып, еуропалық компанияларды Ақтау және Құрық порттары базасында халықаралық порт-логистикалық кластер құруға қатысуға шақырды және орта дәліздің әлеуетін одан әрі дамытуға халықаралық компаниялардың белсенді қатысуы мен тартылуын құптады.

Аталған халықаралық порт-логистикалық кластерін одан әрі дамыту мақсатында ҚР Көлік министрлігінің басшысы Еуроодақпен келісімдерге қол қоюды ұсынды. Аталған құжаттар Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша тасымалдарды субсидиялау мүмкіндігін қарауды және инфрақұрылым мен терминалдық желіні дамытуды көздейтін болады.

Өз кезегінде Ж.Гилькине New Silkway форумына қатысуға шақыруды қабылдап, азаматтық авиация, Транскаспий халықаралық көлік маршруты және автомобиль көлігі салаларында өзара тиімді ұсыныстарды айтты.

Кездесу соңында тараптар іскерлік әңгіме үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен бірге Global Getaway форумы аясында Қазақстан экономикасын дамыту банкі мен Еуропалық инвестиция банкі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат елдің көлік әлеуетін дамыту үшін инвестициялар тартуға мүмкіндік бермек.

Бұл күні Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланыстары турасында Қазақстанның көлік секторын дамыту үшін ұсынылатын қаражатқа қатысты Еуропалық инвестициялық банкпен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразияның негізгі көлік жобасы халықаралық қаржы ұйымдарының ережелері бойынша Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль маршрутын салу болды. Жоба аясында Қазақстан аумағы бойынша 3 мың шақырым автожол салынды. Олардың басым бөлігі соңғы жылдары ерекше өзектілікке ие болып отырған Транскаспий көлік бағытына кірістірілген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда перспективалы тағы 14 автожол жобасын іске асыру жоспарланған. Оларға қатысу үшін еуропалық инвесторлар шақырылды.

Теміржол және су көлігі
27 января 2024
Теміржол саласының қызметкерлеріне Көлік министрінің атынан Алғыс хаттар мен грамоталар табысталды

«Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясының өткен жылғы қызметінің қорытындылары және осы жылға арналған жоспарлары компанияның еншілес ұйымдары мен барлық өңірлік бөлімше өкілдерінің, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте талқыланды. Іс-шараға ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров қатысты.

Жиында өндірістік көрсеткіштердің өсуінің оң динамикасының сақталуы атап өтілді. Контейнерлердегі транзиттік тасымалдар 1 млн 28 мың ЖФЭ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,5%-ға артық. Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 22%-ға өсіп, 28 млн тоннаға жетті.

2023 жылы теміржолдарды жөндеу бойынша ауқымды көрсеткіштерге қол жеткізілді. 1443 км теміржол төсемі жаңғыртылып, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе артқан. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары басталды. Олардың қатарында, Дарбаза – Мақтаарал темір жол желілері, Бақты – Аягөз (Қытаймен үшінші шекара өткелінің ашылуы), Алматының айналасындағы айналма желісін салу. Достық-Мойынты учаскесінде 300 шақырымнан астам екінші жол мен Сиань қаласының Қытай құрғақ портында Қазақстанның жүк терминалы салынды.

Бүгірде ҚТЖ-да 110 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 2023 жылы жалақы 20%-ға көтерілген. Бүгінгі таңда компанияның өндірістік персоналының орташа жалақысы республикалық деңгейден 26%-ға асып түсті. 2023 жылы қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілді. Желілік қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін 384 бірлік көлік сатып алынды. ҚТЖ желісі бойынша жұмыс жүргізу үшін шалғайдағы станцияларға шығатын теміржолшылардың толыққанды демалуы үшін қажетті барлық затпен жабдықталған 132 модульдік ғимарат орнатылды. 2024 жылы 120-дан астам модульдік ғимарат орнату жоспарлануда. Сонымен қатар бүкіл ел бойынша тозығы жеткен құрылыстарды ауыстыру үшін теміржол бойындағы аралықтарда 1224 жылыту пункті орнатылған. Алдағы қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Ұлттық компания қызметінің басым бағыты теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып қала береді. Сондай-ақ 2024 жылға көзделген негізгі міндеттердің бірі — тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті дамыту, цифрландыру бағдарламаларын іске асыру, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту. 

Кеңес қорытындысы бойынша Мақсат Қалиақпаров теміржол көлігі қызметкерлеріне Қазақстан көлік министрінің атынан Алғыс хаттар мен грамоталар табыс етті.

Азаматтық авиация
26 января 2024
Көлік министрлігінде әуежай маңына таяу салынған ғимараттар мәселесі талқыланды

Көлік министрлігінде өткен кеңесте Бас көлік прокуратурасы, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен еліміздегі әуежай маңына таяу салынған ғимараттар мәселесі талқыланды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің өкілдері бүгінгі таңда осындай ғимараттардың нақты санын анықтау үшін әуеайлақ маңындағы аумақта аймақтарға бөлуді белгілеу мәселесіне бастамашылық жасады.

Көлік министрі Марат Қарабаев ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі мемлекеттік орган мен ұйымдардың күш-жігерін үйлестіру мен жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР әуежайларына таяу құрылыс процестерінің барысын қатаң бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ететін тетіктерді әзірлеуді тапсырды.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
25 января 2024
Көлік министрлігінде БҰҰ-мен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі М.Фриберг-Сторимен кездесті.

Кездесу барысында БҰҰ-мен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тараптар биыл 29-30 қаңтарда Брюссельде өтуі жоспарланған Global Gateway инвестфорумына қатысу бойынша жоспарлармен бөлісті.

Айта кетерлігі, министрлік БҰҰ Орталық Азияға арналған бағдарламасының Көлік, транзит және байланыстылық бойынша жұмыс тобының аясында осы бағытта белсенді жұмыс атқарады. Сонымен қатар Қазақстан теңізге шығатын жолы жоқ ең үлкен аумаққа ие бола отырып, аталған санаттағы елдер тобының (LLDC’s) жыл сайынғы отырыстарына белсенді түрде қатысады. Жалпы жиынға қатысушылар көлік, инфрақұрылым, логистика және басқа да салаларда белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Автомобиль жолдары
25 января 2024
Қытайлық құрылыс компанияларымен кездесу өтті

​Бейжіңде көлік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев қытай құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесті.

​Кездесуге Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшілігінің өкілдері, «Қазақинвест» ҰК АҚ өкілі және Азия даму банкінің өкілі, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан 60-тан астам ірі компания өкілдері қатысты.

​Көзделген негізгі мақсат – қос елдің құрылыс компаниялары арасындағы ынтымақтастыққа байланысты өзекті мәселелерді талқылау. Негізгі тақырыптардың ішінде инженерлік-техникалық персоналға рұқсат беру құжаттарын ресімдеу, жобаларды қаржыландыру нысанына қатысты мәселелер, салық салу және Қазақстан Республикасының нормативтері, карьерлерді пайдалану және жол битумына қажеттіліктер, сонымен бірге жол-құрылыс материалдарының құны мәселелері болды.

​​​​Осылайша аталған кездесу қос елдің компаниялары арасындағы берік ынтымақтастықты дамытуға өзіндік ықпалын тигізді. ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Қазақстан мен Қытайдың Көлік және инфрақұрылым саласындағы өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал ететін әріптестік қатынастардың табысты дамуына және құрылыс жобаларын қолдауға сенім білдірді.

Азаматтық авиация
24 января 2024
Көлік министрлігінде шағын авиацияны дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев елімізде шағын авиацияны дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Жиналысқа Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстары әкімдіктерінің, «Жетісу» және «Южное небо»әуекомпанияларының, сондай-ақ Үшарал, Үржар және Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында шағын авиацияны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша Көлік министрлігінің басшысы Үржар, Үшарал, Зайсан, Катонқарағай, Қарқаралы, Ұлытау және Арқалық қалаларында әуежайлардың құрылысы және оларды реконструкциялау мәселелерін қарауды, сондай-ақ шағын авиацияны дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 

Азаматтық авиация
23 января 2024
Көлік министрлігінде ұшу қауіпсіздігі бойынша кеңес өтті

Көлік министрі Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен «Қазаэронавигация» РМК басшылығының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі баяндамасын тыңдады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сәйкестігі 82 пайызды құрайды.

Бүгінгі таңда тұрақты негізде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қадағалау және бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша 753 тексеру жүргізіліп, 1008 рұқсат құжаты берілген.

Сондай-ақ авиациялық әкімшілік FAA (АҚШ әуе билігі) бірлесіп АҚШ-қа тікелей рейстерді ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, өтінім беру және FAA аудитінен өту үшін Эйр Астана флотына Boeing 787 Dreamliner жеткізіледі деп күтілуде. Жалпы авиациялық әкімшіліктің азаматтық авиациядағы басқару моделіне оң баға берілді.

Кеңестің қорытындысы бойынша Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне Астана халықаралық әуежайына ұшу-қону жолағындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жәрдемдесу тапсырылды. Сонымен бірге Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігі деңгейінің Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.

Теміржол және су көлігі
23 января 2024
Қазақстандық тарап Пәкістан Ислам Республикасымен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті

Көлік вице-министрі Пәкістан Ислам Республикасы байланыс, теміржол және теңіз істері министрінің федералды хатшысымен кездесу өткізді

Кездесу барысында тараптар теміржол секторындағы ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда ML-4 Гвадар-Кветта (901 км), Кохат-Тал-Харлачи (191 км) теміржол желісін салу, Пәкістан темір жолдарындағы соляризациялау, Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің мүмкіндіктерін кеңейту және жалпы Транскаспий халықаралық көлік маршрутын одан әрі дамыту мәселесін талқылады. Күн тәртібінде сонымен бірге Пәкістан мен Қазақстан арасындағы автомобиль көлігі туралы екіжақты келісім шеңберінде Автомобиль көлігі және теңіз секторындағы ынтымақтастық, сондай-ақ 2024 жылға тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу мәселелері қаралды.

Қазіргі таңда қазақстандық тарап ҚР мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті. Вице-министрдің айтуынша, бұл үшін бастапқы кезеңде серіктестік қатынастарды жандандыруда шешуші рөл атқаратын тиімді көлік-логистикалық жүйесін құру қажет.

«Бүгінгі таңда транзиттік дәліздерді пайдаланудың жоғары әлеуеті байқалғандығымен, екі ел арасында теміржол қатынасы жүзеге асырылмай отыр. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы Үкіметаралық комиссияның отырысына сәйкес, қазақстандық тарап жер үсті бағыттары бойынша сауданы кеңейту және оңайлату мақсатында ML-4 Гвадар-Кветта (901 км) және Кохат-Тал-Харлачи теміржол желілерін салу жөніндегі жобаны іске асыруға қызығушылық танытып отыр», – деді вице-министр Талғат Ластаев.

Қазір Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан бағыты бойынша жүктерді Түрікменстан аумағы арқылы Ауғанстан шекарасына дейін теміржол көлігімен тасымалдауды ескере отырып, мультимодальды қатынасты ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Осы жобаларды іске асыру қолданыстағы дәліздерді толық пайдалануға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Автомобиль жолдары
Азаматтық авиация
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
Теміржол және су көлігі
22 января 2024
Халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Дүниежүзілік банк тобының халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен кездесті

Кездесуде халықаралық қаржы корпорациясымен көлік, логистика, автожолдар және авиация саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберіндегі жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

«Бүгінгі таңда отандық әуежайларды логистикалық қызметтер көрсететін мультимодальды орталықтар ретінде дамыту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Terminal Holding компаниясымен бірлесіп Астана әуежайын дамыту бойынша бірлескен жоба басталды», - деді өз сөзінде Т.Ластаев.

Айта кетерлігі, Terminal Holding компаниясы ең алдымен ұшу-қону жолағын реконструкциялап, оны одан әрі жаңғырту жұмыстарын өз мойнына алып отыр. Осы ретте елордалық әуежайды дамытудың ұзақ мерзімді бизнес-жоспары әзірленеді деп жоспарланып отыр.

Құрғақ порт пен логистикалық паркті дамыту мәселесі туралы айта келе, елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуды қамтамасыз ету үшін 4 ірі теміржол жобасы іске асырылып жатқанын айта кеткен орынды. Оның ішінде, Достық-Мойынты учаскесінде екінші жолдарды, Алматы станциясын айналып өтуге арналған жол, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз жаңа желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Жиын барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік маршрутын одан әрі дамыту, отандық әуежайларды дамыту бойынша, сонымен бірге Қазақстанның Қытаймен шекарасында үшінші өткізу пунктін салу (Бақты-Аягөз), Құрғақ порттар мен логистикалық парктерді дамыту, Ақтау портында контейнерлік хаб және «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын салу, автомобиль жолдарын реконструкциялау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында екі тарап көлік саласындағы нәтижелі әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау
22 января 2024
Жол-көлік апаттарының артуын тасымалдаушыларды шамадан тыс жүктеме алғаны үшін материалдық тұрғыда ынталандырумен байланыстырып отыр

Көлік министрлігінде қалааралық және қала маңындағы жолаушылар тасымалы, таксопарктер және такси агрегаторлары саласындағы автовокзалдар мен көлік компанияларының өкілдерімен кездесу өтті.

Министр Марат Қарабаевтың төрағалығымен өткен кездесуде мамандар қалааралық, облысаралық және ауданаралық бағыттардағы жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру мәселелерін, сондай-ақ заңды жолаушылар тасымалын дамыту жөніндегі идеяларды және коронавирус пандемиясынан кейінгі автобус станцияларының қызметін қолдау мәселелері талқыланды.

Жиналысқа жүзден астам адам қатысып, қатысушылар еркін форматта проблемалық мәселелерді шешу жолдары мен ұсыныстарын ортаға салды. 

«Трассаларда өлім-жітімге әкелетін жол-көлік апаттарының өсуі ережелер сақталмаған заңсыз тасымалдау көлемінің артуымен бір мезгілде орын алуда. Сондықтан тасымалдау саласындағы тетіктерді реттеп, оның ішінде вокзал шаруашылығының толыққанды жұмыс істеуін жүйелеу қажет. Осы ретте сіздермен ашық талқылау ұйымдастырып отырмыз»,деді Көлік министрлігінің басшысы.  

Талқылау барысында ресми жұмыс істейтін автостанциялардың жұмысында орын алған терең дағдарыс мәселесі атап өтілді. Бүгінгі таңда автовокзалдар Қазақстанның 3 облысында ғана тиісті деңгейде жұмыс істеп тұр. Ресми тасымалдар саласы бейресми тасымалдаушылармен және агрегаторлармен салыстырғанда салықтарды төлеу, жолаушыларды сақтандыру, жүргізушілерді медициналық куәландыру, автобустарды рейс алдындағы тексеру, техникалық базаны ұстаубойынша тең бәсекелестікті жоғалтып отыр.

Заңды тасымалдаушылар да осындай себептерге байланысты заңсыз тасымалдаушылармен бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Көлеңкелі тасымалдаушылар қазақстандық заңнаманың талаптарын орындау, жүргізушілерді әлеуметтік қамтамасыз ету, тасымалдау қауіпсіздігі сияқты факторларға назар аудара қоймайды. Жалпы алғанда, бұл оларға үнемдеуге айтарлықтай мүмкіндік беріп, тасымалдау қызметтері үшін төмен бағалар ұсыну түріндегі артықшылықтар береді.

Кездесуге қатысқан автобус және такси жүргізушілері тағы бір маңызды мәселеге тоқталды. Атап айтқанда, заңсыз тасымалдау қылмыстық әрекеттерге жол ашатыны сөз болды. Яғни, көлеңкелі салада жүрген жүргізушілер арқылы жіберілетін әдеттегі сәлемдемелердің арасында тыйым салынған заттар тасымалдануы мүмкін, сонымен бірге қандай да бір заңталаптарын бұзған адамдардың қозғалысына ықпал етіп, оларға іздеу салған қызметкерлердің жұмыстарын қиындатады.

Сонымен қатар inDrive және Яндекс таксимен ынтымақтасатын жүргізушілер министрге жолдардағы апаттылықтың өсуіне ықпал ететін агрегаторлар жұмысының ерекшеліктері туралы айтып берді. Олардың айтуынша, компаниялардың бірі серіктестерді шамадан тыс жұмыс жасауға материалдық тұрғыда ынталандырады екен. Жүйеде арнайы акциялар туралы хабарламалар жарияланып, оның шарттарына сәйкес жүргізушілер белгілі бір тапсырыстарды орындағаны үшін жақсы бонустарға ие болады. Мәселен, аптасына жасалған 180 және 300 сапар үшін сыйақы қарастырылған. Бірінші жағдайда шарттарды орындау үшін күн сайын үзіліссіз шамамен 12-13 сағат, ал екіншісінде - 21-22 сағат жұмыс істеу керек. Осындай ынталандырулар мен комиссиялық ұстаудың жоғары мөлшеріне байланысты жүргізушілер қосымша кіріс үшін кәдімгідей бәйге ұйымдастырып, нәтижесінде жол-көлік апаттарының саны арта түседі.

Нарық қатысушылары мен министрлік қызметкерлерінің әңгімесі шамамен 4 сағатқа созылды. Негізгі және басты талаптардың бірі тасымалдау нарығының барлық қатысушысы үшінтең мүмкіндіктер құру және заң талаптарының сақталуын барынша қамтамасыз ету.

Талқылау қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру және тасымалдау нарығындағы экономикалық жағдайды жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс қабылданды. Аталған ұсыныстар жақын арада «автовокзалдар», «автобус тасымалдаушылары» және «таксопарктер мен жүргізушілер» сынды жекелеген кіші топтар арасында егжей-тегжейлі қаралатын болады.

Социальные сети
komitettransporta
ҚР ИИДМ Көлік комитеті
Комитет транспорта МИИР РК
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы