Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Министрлік туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
25 марта 2024
Үрімшіде қазақстандық және қытайлық көлік-логистикалық компаниялардың кездесуі өтті

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады

2024 жылғы 23 наурызда Үрімші қаласында Көлік министрі М.Қарабаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары шеңберінде көлік-логистикалық ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге 60-қа жуық қазақстандық және қытайлық компания қатысты.

ҚХР делегациясын Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметі хатшысының орынбасары Льфан Жю бастап барды.

Іс-шара барысында компаниялар авиациялық, теміржол және автомобиль жүк тасымалдары, сондай-ақ жүк хабтарын құру және теміржол инфрақұрылымын дамыту саласында перспективалар ұсынды.

Іскер топтар кездесуінің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

25 марта 2024
Қытай 10 жылдың ішінде Еуропаға 85 мың контейнерлік пойыз жіберген, оның 80%-ы Қазақстан арқылы өтті

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен келген еліміздің көлік саласына жауапты министрі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының көлік-логистикалық инфрақұрылымымен танысты

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Үрімші қаласының бірқатар көлік инфрақұрылымы нысанын, оның ішінде халықаралық құрғақ портты, экспресс жеткізу орталығын (Jitu Express), «Қытай-Еуропа» теміржол экспресс хабын және Шыңжаң сауда-логистикалық корпорациясының кеңсесін аралады.

Сонымен қатар көлік министрлігінің басшысы «Қытай Халық Республикасы-Еуроодақ» бағыты бойынша «Тяньшань» мерейтойлық 150 контейнерлік пойызын жөнелту рәсіміне қатысты.

Салтанатты рәсімде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы жүзеге асырылып келе жатқан 10 жылдың ішінде (2013 жылдан бастап) Қытайдан батыс бағытта 85 мыңға жуық контейнерлік пойыз жөнелтілгені, оның 80%-ы Қазақстан арқылы өткені атап өтілді.

Жоғарыда аталған нысандарды аралау барысында тараптар логистика инфрақұрылымын ынталандыруға және жақсартуға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жоспарларын өзара келісті.

25 марта 2024
Көлік саласындағы ынтымақтастықты жақсарту үшін ҚХР СУАР басшылығымен кездесу өткізілді

Көлік министрі Марат Қарабаевтың Қытайға жұмыс сапары барысында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының ҚКП хатшысы Ма Синжуеммен ҚР мен ҚХР үшін алғашқы маңызды кездесу өткізілді.

Кездесу көлік-логистикалық әлеуеттің мүмкіндіктерін нығайту және кеңейту, тараптардың көлік компаниялары үшін жағдайларды жақсарту, сондай-ақ тығыз халықаралық байланыстар орнату шеңберінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның маңыздылығы екі жақтың географиялық орналасуымен және экономикалық мүдделерімен байланысты.

Анықтама: Қазақстан аумағында осы өңірлер арасындағы көлік ағынын қамтамасыз ететін көптеген автожолдар мен темір жолдар өтеді.

Келіссөздер барысында қосымша шекаралық өткізу пункттерін ашу, екі елдің көлік компаниялары арасындағы жүйелі жұмысты күшейту, сондай-ақ халықаралық сауданы жеңілдету жолымен өзара іс-қимылды бірлесіп кеңейту бойынша бірқатар түйінді мәселелер әзірленді.

Азаматтық авиация
21 марта 2024
Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі арасында келіссөздер жүргізілді

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы Азаматтық авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесу өткізді.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті.

Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді.

Келіссөздер барысында бағыттар мен тағайындалған тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды, бұл бәсекелестікті арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдады.

20 марта 2024
Көлік министрлігінде Комитет төрағаларының жаңа орынбасарлары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Бақытжан Качаков пен Нұржан Келбуғанов Көлік министрлігіне қарасты Комитет төрағаларының орынбасарлары лауазымдарына тағайындалды

Бақытжан Качаков ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Б.Качаков 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін және Қазақ-Американдық Университетін бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы бастады. Әр жылдары «Компания Терра Холдинг ЛТД» ЖШС директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары, Медеу ауданы Салық комитетінің заңды тұлғалар аудиті бөлімінің маманы, салық инспекторы болып, Алматы қаласы Салық комитеті Халықаралық салық салу басқармасының бас маманы – бас салық инспекторы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті салық аудиті басқармасының сарапшысы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы аппараты Басқарма Төрағасының кеңесшісі жұмыс істеді.

Нұржан Келбуғанов ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Н. Келбуғанов 1972 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын және М. О. Әуезов атындағы Семей университетін бітірген. Еңбек жолын «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Алматы жол бөлімшесі» филиалының паркі бойынша кезекші болып бастады. Әр жылдары тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор, станция бойынша кезекші, орталықтандыру бекетінің аға операторы, жол диспетчері және бірқатар станциялардың бастығы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Ақмола жол бөлімшесі» филиалы директорының жедел жұмыс жөніндегі бірінші орынбасары, «ҚТЖ «ҰК» АҚ – «Шығыс Қазақстан жол бөлімшесі» филиалының директоры, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ департаментінің директоры, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының маркетинг және жоспарлау бойынша орынбасары болды.

18 марта 2024
Көпшілік назарына.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Азаматтық авиациядағы ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын бағалау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі №436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрық жобасының орналасқаны туралы хабарлайды.

Осы ретте аталған бұйрықтың жобасы бойынша қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
 
Толығырақ ақпарат төмендегі сілтеме бойынша:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14985126
 

17 марта 2024
Ашық НҚА порталында шетелдік рұқсат бланкілерін бөлу әдістемесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасы жарияланды

Қазақстан әлемнің 42 елімен автокөлікпен халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асырады, оның 40-ы рұқсат беру жүйесін көздейді. 2023 жылы осы мемлекеттермен 270,8 мың бірлік көлемінде шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізілді. Отандық тасымалдаушылар арасында шетелдік рұқсат бланкілері автоматтандырылған жүйе арқылы бөлінді.

Бланкілерді бөлу жүйесінің алгоритмі белгілі бір мемлекетке олардың жұмыс жолын ескере отырып, жекелеген тасымалдаушыларға жыл бойына құжаттардың белгілі бір санын бекітуді көздейді.
Осылайша, бұрын жасалған жүйе бәсекелестікті шектеу үшін жағдай жасайды. Бұл ретте пайдаланылмай қалған рұқсат бланкілерінің артылып қалуы байқалып, олар жыл соңында жүйеге қайтарылады. Мәселен, 2023 жылы пайдаланылмаған бланкілердің 53% қайтарылған.

Бұдан басқа, қолданыстағы әдістемеге сәйкес шетелдік рұқсат бланкілері тасымалдаушыларға 100 күнтізбелік күн мерзімге бос форматта беріледі. Бұл тәсіл көлеңкелі нарықта алыпсатарлық бағамен бланкілерді қайта сатуға қолайлы жағдай жасайды.

Бланкілерді бөлудің пайдаланылып келе жатқан жүйесінің жетілмегендігіне байланысты және жүк тасымалдау нарығында әділ жағдайлар жасау әрі әділ бәсекелестікті дамыту мақсатында ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті рұқсат бланкілерін бөлудің жаңа тәртібін әзірледі.

Ол қазақстандық тасымалдаушыларға қандай да бір шектеусіз рұқсат бланкілерін беруді көздейді. Сондай-ақ аталған механизм рұқсат беру процестерінен адами факторды және көлеңкелі нарықта құжаттарды қайта сатудың алғышарттарын алып тастайды.

Шетелдік рұқсат бланкілері тасымалдаушыларға ХҚКО арқылы, машиналарды рейске жібермес бұрын беріледі деп болжанып отыр.
Халықтың пікірін барынша қамту және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында биыл 11 қаңтар мен 2 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірінен келген тасымалдаушылардың, сондай-ақ көлік прокуратурасы, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі органдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласында кеңейтілген көшпелі кеңес өткізілген болатын.

Ашық талқылау туралы ақпарат Qazaqstan және Atameken Business телеарналары, Zakon.kz, Tengrinews.kz, DKNews.kz, KазТАГ интернет-басылымдарында, блогерлер мен қоғам қайраткерлерінің парақшаларында жарияланды.

2024 жылғы 16 наурызда бұйрықтың жобасы шетелдік рұқсат бланкілерін берудің жаңа тетігін енгізу бөлігінде ашық НҚА порталында орналастырылды.

Сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14985783 

15 марта 2024
Көлік министрлігінде ҚХР-мен логистика және көлік технологиялары саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бүгін Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С.Чжаомен кездесті.

Кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында әрі сондай-ақ қазақстандық делегацияның биыл наурыз айындағы  Қытай Халық Республикасына сапары аясында өтті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды көлік және экономикалық мәселені талқылады. Атап айтқанда, теміржол және автомобиль маршруттарын дамыту, логистика және көлік технологиялары саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, көлік инфрақұрылымы саласындағы бірлескен жұмыстың перспективалары әңгіме арқауына айналды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететін бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуға ниетті екендерін білдірді.

15 марта 2024
Алматы әуежайындағы кешіктірілген және тоқтатылған рейстерге қатысты жағдай юрйынша ақпарат

2024 жылғы 14-15 наурызда Алматы қаласының әуежайында ауа райының күрт нашарлауына (қардың қалың түсуіне) байланысты бірқатар халықаралық және ішкі рейстер кешіктірілді және тоқтатылды.

2024 жылғы 14 наурызда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ әуе кемелеріне бір мезгілде қызмет көрсетудің максималды мүмкіндігін назарға ала отырып, Алматы халықаралық әуежайының басшылығы әуе кемелерін қабылдауды сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін тоқтату туралы шешім қабылдады. Әуежайдың барлық күштері ұшатын рейстерге жедел қызмет көрсетуге тартылды. Барлығы 50-ден астам рейс кейінге қалдырылды, 7 рейс тоқтатылды, 4 ұшақ қосалқы әуежайларға жіберілді.

Әуе компаниялары мен Алматы әуежайы кешіктірілген және тоқтатылған рейстердің жолаушыларына қажетті қызмет көрсету үшін қажетті шараларды қабылдады. Жолаушыларға сусындар мен ыстық тамақ берілді. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуе кемесінде жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес әуе билеттерін қайта брондау немесе ақшаны қайтару мүмкіндігі берілді.

Ағымдағы жылдың 15 наурызында сағат 17.00-дегі жағдай бойынша Алматы әуежайында 32 рейс кешігуде, оның 14-і ұшып келуге және 18-і ұшуға кешігуде. Кешігудің негізгі себебі 2024 жылдың 14 наурызында ауа-райының қолайсыздығына байланысты рейстер кестесінің бұзылуына байланысты. Ағымдағы жылдың 16 наурызында сағат 04.00-ге дейін ұшу кестесі толығымен қалпына келтіріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, Алматы әуежайындағы жағдай туралы ресми ақпарат беру мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша БАҚ өкілдері үшін бірлескен пресс-брифинг ұйымдастырылды. Пресс-брифингке Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Алматы халықаралық әуежайының, Air Astana және SCAT әуе компаниясының өкілдері қатысты.

15 марта 2024
ҚХР шекарасында рұқсат бланкілерін беру жөніндегі пилоттық жоба 2025 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды

2023 жылғы 19 сәуірде «ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ҚР тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» Көлік министрлігі, ЦДИАӨМ және ҚР Қаржы министрлігінің бірлескен бұйрығы қабылданды.

Бірлескен бұйрық негізінде жүктерді тасымалдауға арналған қытайлық рұқсат бланкілері шекараны кесіп өту фактісі бойынша мемлекеттік шекарадағы қазақстандық тасымалдаушыларға беріле бастады.

Аталған механизм оң нәтижесін көрсетті. Пилоттық жоба адал қызмет етіп жүрген тасымалдаушыларға ҚХР-мен жүк тасымалын едәуір жеңілдетуге, сондай-ақ бланкілерді қайта сатуды және шекарадағы кезектегі орындар бойынша алыпсатарлықты 100% жоюға мүмкіндік берді. Сонымен қатар тасымалдаушылар рұқсат беру бланкілерін екі есе көп (113 мың бланк) алды.

Осыған байланысты биыл бірлескен бұйрықты 2025 жылғы 1 маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Шешім бүгін, 2024 жылғы 15 наурызда өзінің заңды күшіне енді.

Шетелдік рұқсат бланкілерін берудің осындай тетігі Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өткізу пункттерінде де енгізілетінін атап өткен жөн. Бұл ретте өзбек бланкілері электрондық форматта берілетін болады.

Сонымен қатар жыл көлемінде Қытай мен Қазақстан арасындағы өткізу пункттерінде берілетін рұқсат бланкілерін электрондық форматқа ауыстыру жоспарланып отыр.

Өз кезегінде мемлекеттік шекарада берілетін шетелдік рұқсат бланкі қайтаруға жатпайды.

Социальные сети
komitettransporta
ҚР ИИДМ Көлік комитеті
Комитет транспорта МИИР РК
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы