Алматы облысының тұрғындары Көлік министрлігіне Қаскелең тас жолын кеңейту бойынша өтініш білдірді
Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қонаев қаласында облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады.
Облыс тұрғындары облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу және реконструкциялау, жолдарды күтіп-ұстау және КАЖ-Сервис қызметі бойынша сауалдарын жолдады. Сондай-ақ Алматы маңындағы елді мекенде халық санының өсуіне байланысты тұрғындар «Алматы-Бішкек» тас жолының учаскесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолынан Қаскелең қаласына дейін кеңейтуді сұрады.
Кездесуге Алматы облысының кәсіпкерлері деқатысты. Жолаушылар тасымалымен айналысатын өңірлік кәсіпорындардың өкілдері саланы дамыту проблемаларын көтеріп, облыстық автобус парктері үшін техниканы жаңарту бағдарламаларына жеңілдетілген шараларды қарастыру, автобус жүргізушілері үшін қажетті жұмыс өтілін азайтуды және D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшінжас көрсеткішін төмендетуді сұрады.
Марат Қарабаев өткен жылы бұл мәселелер бірқатар өңірде көтерілгенін айта келе, аталған сұрақ бойынша 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында шешім қабылдау жоспарланғаны туралы айтып берді. Алайда, Мәжіліс депутаттары министрліктің бұл бастамасын қолдамай, ендігі кезекте мәселе қайта қолға алынып жатыр.
«Біз бірінші жартыжылдықта Мәжіліс бұл өзгертулерге қолдау көрсетіп, тамыз айына дейін мәселе түбегейлі шешіледі деп үміттенеміз. Атап айтқанда, жас көрсеткіші 23 жасқа дейіназайып, D1 санаты үшін жүргізуші өтіліне қойылатын талап 3 жылдан 1 жылға дейінтөмендейді. Әлбетте, мұнымен мәселе толықтай шешілмейді, дегенмен алғышарттары бар. Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, 2014 жылға дейін D санаты бойынша 3 жыл көлемінде 84 мың адам оқыған. Талаптар қатаңдатылғаннан кейін автобус жүргізушісі біліктілігі бойынша оқитындардың саны 4 мың адамға дейін қысқартылған. Бұл өте аз. Аталған көрсеткіштерді көрсеткен кезде халық қалаулылары да түсіністік танытып, қолдау көрсетті», - деп жауап берді министр.
Жүк автотасымалдау саласының өкілдері жүк автомобильдерінің артық салмағын бақылауды күшейтуді және халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыру үшін шетелдік рұқсат бланкілерін беру жүйесіндегі әділетсіздік мәселелерін талқылауды ұсынды.
Сөз кезегінде министр ведомство тарапынан жақын арада шетелдік рұқсат бланкілерін заңсыз қайта сатуға тосқауыл қойылатыны туралы айтты.
«Аталған механизмнің айналасында көлеңкелі бизнеске жол берілді. Бланкілерді сатукомитет қызметкерлері тарапынан емес, біркөлік компаниясының екіншісіне сатуы арқылы жүзеге асады. Алматыда екі рет ашық талқылау өткіздік. Әдетте жылдың басында барлық бланкінің 50 пайызын алатын адамдар тағы алғылары келеді. Әлбетте, бұл дұрыс емес. Сондықтан біз әдістемені өзгерткіміз келеді», - деді көлік ведомствосының басшысы.
Оның айтуынша, бірінші кезекте министрлік басымдық принципін жояды, осылайша бланкілерді тек нақты жүгі бар кез келген адам ала алады. Оған қоса, бланкілерді қайта сатуды болдырмау үшін рұқсат қағаздары жеке атаулармен берілмек.
«Ұзақ уақыт бойы көлеңкелі нарықта жүрген адамдардың қолға алынған бұл шаралармен келіспейтіндіктері түсінікті, әрине. Алайда бастаған жұмысты соңына дейін жеткізуге ниеттіміз. Себебі қай істе болсын тәртіп болуы керек. Бланкілерге шағын, орта және ірі компаниялар тең, яғни барлығы бірдей қолжеткізе алуы керек», - деп атап өтті М.Қарабаев.
Азаматтарды қабылдағаннан кейін министр Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы жұмысымен танысып, «Алматы – Ұзынағаш» жол учаскесіне барды. Бұдан әрі Көлік министрлігінің басшысы Шамалған станциясын айналып өтетін автожол учаскесін қайта жаңарту жұмыстарының барысын бағамдап қайтты.
Қазақстан мен Литваның мемлекеттік органдары 2024 жылғы 20 наурызға дейін тасымалдауды аяқтау үшін өткен жылғы үлгідегі рұқсат бланкілерін пайдалану туралы уағдаласты
Вильнюс қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва үкіметаралық комиссиясының 14-ші отырысы өтті.Қазақстандық делегацияны сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев, литвалық делегацияны экономика және инновациялар министрі А.Армонайте басқарды.
Іс-шара шеңберінде сондай-ақ ҚР Көлік министрлігі, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілер одағы және ҚазАТО өкілдерінің қатысуымен Халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі Қазақстан-Литва аралас комиссиясының отырысы өтті. Онда 2024 жылға арналған рұқсаттар квотасы бойынша, сондай-ақ тасымалдауды аяқтау үшін 2023 жылғы үлгідегі рұқсат бланкілерін 20 наурызға дейін ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Халықаралық автомобиль тасымалдары басқармасының басшысы Алмаз Айсин отырыс барысында Еуропа мен Орталық Азия арасындағы жүк транзиті барысындағы Қазақстанның маңызды рөлін, сонымен бірге республика өңірдегі көлік-транзиттік әлеуетті дамыту және көлік дәліздерін жаңғырту үшін барынша күш салатынын атап өтті.
Сондай-ақ литвалық серіктестерге еуропалық компаниялардың назарын аударып отырған Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар мен перспективалар туралы ақпарат берілді.
«Біз Литва тарапына Транскаспий халықаралық көлік маршруты шеңберінде екі еларасында контейнерлік тасымалдарды іске қосу бойынша ынтымақтастықты ұсынамыз. Бұған қоса, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық литвалық компанияны биыл қазан айында Астана қаласында өтетін New Silkway көлік форумына қатысуға шақырамыз», – деді А.Айсин.
Көлік министрі Amanat партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды онлайн қабылдады. Марат Қарабаевпен кездесуге Ақмола, Алматы, Қостанай және Түркістан облыстарының тұрғындары қатысты. Азаматтардың өтініштері ауылдық елді мекендердің көлікке деген қолжетімділігін жақсарту, теміржол саласындағы еңбек қатынастары, жергілікті жолдарды жөндеу және жол инфрақұрылымының қауіпсіздігін арттыруға қатысты болды.
Ақмола облысы Қажымұқан ауылының тұрғыны А.Сейітова Астана қаласымен автобус қатынасын жолға қоюды сұраса, қостанайлық А.Федоренков "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС вагондық пайдалану депосы бастығының лауазымын қысқарту себептерін сұрады. Түркістан облысы Түлкібас ауданының ауылдық округ әкімі А.Айдарбеков облыстық маңызы бар жолдардағы шамадан тыс жүктемені бақылау мәселесін көтерді. Алматы облысының тұрғыны З.Кутанов Заречное ауылы арқылы өтетін Алматы-Талдықорған жолы арқылы жаяу жүргіншілер өткелін салу мәселесін шешуді сұрады.
Министр өтініш білдіргендерге заңнама шеңберінде жауап берді. Састөбе ауылындағы Амангелді көшесіне қаражат бөлу мәселесі бойынша Марат Қарабаев бүгінгі таңда ұзындығы 1,8 км жолды орташа жөндеуге техникалық құжаттама әзірленіп жатқанын хабарлады. Оң қорытынды алғаннан кейін әкімдік жергілікті бюджет есебінен іске асыру мәселесін қарайтын болады.
Заречное ауылына жерүсті өткелін салуға қатысты өтініш берушіге автомобиль жолының 54 + 300 км учаскесінде жерүсті өткелін салуға биылғы бюджетті нақтылау кезінде қаражат бөлу үшін өтінім қалыптастыру туралы айтылды (құрылыстың болжамды құны 450 млн теңге). Өтінім белгіленген тәртіппен биыл наурыз айының соңына дейін қаралатын болады.
Көлік министрі азаматтарды жеке қабылдады. Марат Қарабаевпен кездесуге Үкіметтің азаматтарды қабылдау орталығына Астана, Алматы, Атырау және Петропавл қалаларынан 20 адам жазылды. Олардың қатарында, шетел азаматтары, сауда, өнеркәсіп, туристік және көлік компанияларының өкілдері, сондай-ақ «ҚР автокөлік қызметкерлері одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері жазылды.
Қабылдау барысында жолаушыларды тасымалдайтын автомобиль көлігі, теміржол және автомобиль көлігі салаларын дамытуға қатысты өтініштер мен бастамалар қаралды.
Мәселен, Metro Cash&Carry, Siemens Kazakhstan, Кока-Кола Қазақстан және International Travel Plus компанияларының өкілдері кіретін Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығының бастамашыл тобы министрден теміржол тарифтерін қалыптастыру кезінде болжамды әкімшілендіру құру және вагондарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жоспарлау мәселесін шешу мүмкіндігі туралы, сонымен бірге инвестициялау жоспарлары туралы сұрады.
Сонымен қатар EUROBAK өкілдері Еуропадан Қазақстанға тауарлар импортын тасымалдау үшін жүк көліктерінің тапшылығы және шекарадағы шамадан тыс жүктемені пайдалана отырып, Ресей арқылы елге жүктердің транзитіне тыйым салу мәселелерін көтерді.
Sarens Kazakhstan ЖШС басшысы А.Мэттью елге ҚХР-дан тіркемелерді әкелу және жүктерді Өзбекстанға транзиттеу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.
Автобус парктері мен автотасымалдау кәсіпорындары («Қызылжар BUS» ЖШС, «Ба Ту travel компаниясы», CITY BUS, «Автобус паркі 3») басшыларының тобы көлік ведомствосының басшысына жолаушылар тасымалын субсидиялау қағидаларына, жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тарифтерін есептеу әдістемесін өзгертуге қатысты сұрақтармен жүгінді. Сондай-ақ автопарктерден қазақстандық өндірістегі автобустар құнының өсу қарқынын төмендету мәселесін пысықтау мүмкіндігін қарастыру сұралды.
«ҚР автокөлік қызметкерлері одағы» ЗТБ бас директоры көлік саласының проблемаларын айтып, оларды шешу және көлік министрлігінің құрылымын өзгерту бойынша идеяларды ұсынды. Сөз кезегінде Сәбит Аманбаев көлік саласында қызмет етіп жүрген мамандардың қоғамдағы беделін арттыру мақсатында кәсіби мереке – автомобиль көлігі қызметкерлері күнін бекіту қажеттігі туралы айтып өтті.
Өтініш білдіргендердің барлығына заңнама нормалары мен министрлік жүргізіп отырған көлік саласын дамыту саласындағы келісілген мемлекеттік саясат шеңберінде толық түсіндірме берілді.
Сонымен қатар EUROBAK бастамашыл тобы халықаралық тасымалдау саласындағы ағымдағы ахуал және көлік құралдары паркін ұлғайтуға бағытталған шаралар туралы хабарлады.
«Халықаралық тасымалдармен айналысатын ершікті тартқыштардың құнын төмендету бойынша шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 2022 жылдан 2025 жылға дейін кәдеге жарату алымы жойылды және 2023 жылдан 2028 жылға дейін бастапқы тіркеу алымы жойылды. Ресей Федерациясында қайта тіркеуге тыйым 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың соңына дейін қолданылды. Еліміздегі «қайта тіркеу» тетігін қолдана отырып, жүктерді тасымалдауға биыл ақпан айынан бастап рұқсат беру жоспарланып отыр. Тиісті бұйрықтың жобасы Әділет министрлігінде келісімде жатыр», – деді министр
Кәсіби мерекені бекітуге қатысты одақ басшысына тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. Қаңтарда тиісті ұсыныс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілген.
Автопарк басшыларына Көлік министрлігі өз тарапынан автомобильмен жолаушыларды тасымалдау саласының проблемаларын шешу бойынша жұмысқа бастамашылық жасап, нәтижесінде ақпан айында арнайы жұмыс тобы құрылғандығы айтылды. Жұмыс тобының құрамына жергілікті атқарушы органдар, «Атамекен» ҰКП, қауымдастықтар мен тасымалдаушылар кіреді. Қазіргі уақытта жұмыс тобының мүшелерінен ұсыныстар жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс тобының отырысын биыл наурыз айында өткізу жоспарланып отыр.
Алматыда Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы көлік және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бірлескен жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында Азия даму банкінің консультанттары «Алматы-Ыстықкөл» автожол жобасының құрылысы бойынша есеп беріп, жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.
Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы өткізу пункттерін жаңғырту бойынша жұмыстарды синхрондау мәселесі бойынша талқылаулар өтті.
Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі (ЭКАБ) Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберіндегі пилоттық экономикалық дәліз болып табылады. Азия даму банкі Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы хатшылығының және ЭКАБ бастамасының функцияларын орындайды. 2014 жылдан бастап Алматы, Бішкек және оған іргелес өңірлер арасындағы экономикалық дәлізді іске асыра отырып, аталған экономикалық дәліз Алматы және Бішкек қалалары арасындағы экономикалық қашықтықты қысқарту үшін адамдарды, бизнес пен идеяларды біріктіруге ұмтылады.
29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жолға шығатын жолаушыларға әуе компаниялары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ таратқан ақпаратқа баса назар аударып, әуежайлар мен вокзалдарға рейс жөнелтілетін уақыттан әлдеқайда ертерек келу ұсынылады
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 1 сағатқа кері ауыстырылады.
Осыған байланысты Көлік министрлігі авиациялық және теміржол әкімшіліктерімен, тасымалдаушылармен, әуежайлармен және вокзалдармен бірлесіп барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізген болатын.
1 наурыздан бастап барлық жолаушылар пойызы бір уақыт белдеуімен жөнелтіледі.
Сағат тілін бір сағатқа артқа ауыстыру кезінде пойыздардың жүру кестесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілмейді, сәйкесінше теміржолда бір уақыт белдеуіне көшу штаттық режимде жүзеге асырылмақ.
Сондай-ақ жолаушылар пойыздары туралы анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі немесе @ktzh_pp_bot Telegram боты арқылы тегін алуға болады.
Авиакомпаниялар авиабилеттерді сату жүйелеріне өзгерістер енгізіп, ресми сайттарда және авиакомпаниялардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында барлық қажетті ақпараттық қолдау көрсетіліп жатыр.
Жолаушыларға бұрын сатып алынған билеттердегі түзетулер туралы хабарламалар және ұшудың жаңа уақыты көрсетілген жаңартылған билетті қалай жүктеу керектігі туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар жеке ескертулер жіберілді.
Осы ретте «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жанында +7 7172 79 82 14, +7 7172 79 82 13 нөмірлері бойынша «жедел желі» ашылғанын айта кеткен орынды. Рейс туралы ақпаратты нақтылау үшін әуежайлардың анықтамалық қызметтеріне, әуе компаниялардың байланыс орталықтарына хабарласуға болады:
Air Astana - + 7 7272 44 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
FlyArystan - +7 7273 31 10 10 (WhatsApp +7 702 702 0227);
SCAT - +7 7252 99 88 80;
Qazaq Air - + 7 7273 56 14 14.
Жалпы уәкілетті органмен көлік саласындағы жұмыстың штаттық режимде жүзеге асырылуы мен азаматтардың ыңғайлылығы үшін тиісті шаралар қабылданды.
Көлік министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Көлік құрылысы» білім беру бағдарламалары тобын ашу бойынша бірлескен жұмысы өз мәресіне жетті. Бұл туралы ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина Алматы қаласында жоғары оқу орындары басшыларымен және студенттермен өткен кездесу барысында мәлім етті.
Көлік құрылысында мамандар даярлайтын білім беру мекемелерімен стратегиялық өзара іс-қимыл және әріптестікті нығайту шеңберінде министрлікке қарасты Автомобиль жолдары комитеті, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы және Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы өкілдерінен құралған жұмыс тобы Алматы қаласындағы бірқатар оқу орнына барды.
Көзделген негізгі мақсат – автожол саласындағы кадрларды дамыту перспективаларын талқылау және білім беру мекемелерімен тығыз ынтымақтастық орнату.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта автожол саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі туындап отыр. Саланың білікті кадрларға деген қажеттілігі жыл сайын шамамен 2 мың адамды құрайды. Ал жоғары оқу орындары жыл сайын 100-ге жуық жол маманын дайындап шығарады.
Бүгінгі таңда Көлік министрлігінің Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлескен жұмысының нәтижесінде білікті жол мамандарын даярлау үшін «көлік құрылысы» бағыты бойынша оқуға 1 мың қосымша грант бөлу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ кадрларды ынталандыру және мамандардың жұмыс сапасын арттыру үшін Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты Jolshy базасын құрды. Аталған жүйе жоғары оқу орындарының түлектерінен бастап, автомобиль жолдарының құрылысы, оларды жобалау және пайдалануда жұмыс істейтін мамандарды қоса алғанда, жол саласының барлық маманы туралы ақпаратты қамтитын болады.
Қазіргі уақытта базаны толтыру және платформалармен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, Enbek.kz және eLicense.kz мамандар базасында кадрлар туралы мәліметтер (біліктілік, жұмыс тәжірибесі, біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары және т.б.), жол саласы кадрларының қажеттілігі туралы статистикалық деректер және жұмыс берушілер үшін кадрларды іріктеу бойынша ақпарат қолжетімді.
ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиеваның Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ямада Джун мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.
Салтанат Томпиева қазақстандық әуе компаниялар 2025 жылдың бірінші жартысында екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады. Ямада мырза өз кезегінде бұл мәселеде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы экономикалық, іскерлік және мәдени ынтымақтастықты кеңейту үшін әуе қатынасын қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
Ведомство өкілдері таксиге тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшалар операторларымен кездесу өткізді
Биыл 19 қаңтарда автомобильмен жолаушыларды тасымалдау мәселелері жөніндегі кеңес аясында Көлік министрі Марат Қарабаевтың төрағалығымен таксиге тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшалар операторларының, оның ішінде «Яндекс» және inDrive өкілдерімен кездесу өткен болатын. Кеңес барысында такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама нормаларын сақтауын қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалы қауіпсіздігі бойынша ішкі корпоративтік талаптарды енгізу қажеттілігіне қатысты мәселелер көтерілген еді.
Кеңес қорытындысы бойынша таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшалары операторларының өкілдеріне автомобильмен жолаушыларды тасымалдау саласының проблемалық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар енгізу ұсынылды.
12 ақпанда көлік вице-министрі М.Қалиақпаровтың төрағалығымен inDrive сервис операторының өкілдерімен қосымша кездесу өткізілді. Кеңес барысында жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың жағымсыз тұстарын көрсете отырып, жол-көлік апаттары бойынша статистика көпшілік назарына шығарылды. Осыған байланысты компанияға жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтау бойынша талаптарды күшейту ұсынылды.
Келіссөздердің қорытындысы бойынша мобильдік қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды кезең-кезеңімен қабылдауына бағытталған Көлік министрлігі мен inDrive операторы арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасу қажеттілігі туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта аталған меморандумның жобасы әзірленіп жатыр.
65 жылдық мерейтойына орай Қазақстан жолғылыми-зерттеу институты «Жол құрылысы саласындағы үздік инновациялық жоба»конкурсының басталғаны туралы хабарлайды
Бастама жас ғалымдардың, жол құрылысы мен инфрақұрылым саласына қызығушылығын арттыру және ынталандыруға бағытталған.
«Ғылыми мекемелердің, университеттердің, кәсіпорындар мен жеке зерттеушілерді осы шараға қатысуға және жол құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға үлес қоса алатынжастарды өздерінің инновациялық идеялары мен әзірлемелерін көрсетуге шақырамыз», – деп атап өтті «ҚазжолҒЗИ» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әсел Нұғманова.
Байқау жеңімпаздары 12 сәуірде Ғылым күні қарсаңында анықталатын болады. Аталған іс-шара жол құрылысы саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығын арттыра түспек.
Конкурсқа қатысу жас ғалымдарға өздерінің инновациялық жобаларын ұсынуға және Қазақстанның жол саласын дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді.
Өтінімдер 20 ақпаннан бастап 25 наурызға дейін қабылданады. Байқауға қатысу үшін qazjolgzi.kz ресми сайтына кіріп, «Ғылыми-зерттеу орталығы»бөліміне өтіп, берілген нысан бойынша қосымшаны толтыру қажет. Қосымша ақпаратты ресми сайттан немесе 8 (708) 888-80-18, 8 (775) 688-20-94 телефондары арқылы алуға болады.