Жанасова Әсел Жұбанышқызы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі
Жалпы ақпарат, білімі
1987 жылғы 8 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
2005 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін (РФММ) алтын медальмен бітірген.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін бітірген. 2014 жылы Кембридж университеті мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Executive Management» бағдарламасы бойынша магистратурасын аяқтаған.
Мансап
2010–2014 жылдары – Лондон қаласындағы халықаралық компанияда ақпараттық технологиялар жөніндегі маман, ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, киберқауіпсіздік департаментінің директоры.
2014–2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары.
2016–2017 жылдары – «Зерде» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы.
2017–2018 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі.
2018–2020 жылдары – «Астана» халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.
2020–2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі.
2022–2025 жылдары – «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы.
2025 жылғы маусым–желтоқсан айлары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
2025–2026 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.