2022 жылғы қаңтар-наурызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 106,5% құрды

2022 жылғы қаңтар-наурызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 106,5% құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-наурызда былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 106,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

 

2022 жылғы қаңтар-наурыз

2021 жылғы қаңтар-наурызға пайызбен

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млрд теңге

2263,1

101,5

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі,
млрд теңге

11637,2

105,8

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімі (қызметі) жалпы шығарылымының көлемі,
млрд теңге

700,3

101,8

Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд теңге

588,8

108,6

Жүк айналымының көлемі, млрд т-км

148,4

111,5

Жолаушылар айналымының көлемі, млрд п-км

23,5

122,4

Байланыс қызметінің көлемі, млрд теңге

253,5

106,4

Бөлшек сауда көлемі, млрд тенге

2702,3

96,7

Көтерме сауда көлемі, млрд тенге

6623,3

113,5

Сыртқы сауда айналымы, млн АҚШ доллары

18240,6 (2022 жылғы қаңтар-ақпан)

152,5

2022 жылғы 1 сәуірдегі  жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 483428 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,2% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 474452 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 360281 құрады, оның ішінде 351525 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы наурызда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,2% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 8,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарларға – 3,6%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 2,6% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы наурызда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 15,9% өсті.

 

Әлеуметтік сектор

2022 жылғы ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 143 246 теңгені құрады (алдын ала деректер), бұл 2021 жылғы ақпанға қарағанда 17,3% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыс 7,9 % артты.

2022 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 275438 теңгені құрады.

2022 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 457,4 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына шаққанда 4,9% құрады. 2022 жылғы наурыздың соңына қарай жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 175 мың адамға жетті, бұл жұмыс күшінің 1,9% тең.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы

    Баспас?з ?ызметі: Мекенжай:
    Марат?ызы Жазира 010000, Н?р-С?лтан ?аласы
    Тел. +7 (7172) 749502 М??гілік ел , 8
    Instagram: @statgov.kz
Te.me: statgov.kz
Facebook: kazstatgov.kz
Министрліктер ?йі,
4 кіреберіс

© ?аза?стан Республикасы Стратегиялы? жоспарлау ж?не реформалар агенттігі ?лтты? статистика бюросы