2021 жылғы еңбек нарығындағы жағдай

2021 жылғы еңбек нарығындағы жағдай

2021 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,8 млн. адам жұмыспен қамтылды, олардан 6,7 млн. адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) жалдамалы қызмет бойынша, 2,1 млн. адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,9%) өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде жұмыс істеді.

Жалпы жұмыспен қамтылу 2020 жылмен салыстырғанда 75,1 мың адамға, соның ішінде жалдамалы қызметкерлер есебінен 23,5 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар есебінен 51,5 мың адамға өсті.

Жалдамалы қызметкерлер арасында уақытша және кесімді жұмыстарда 342,7 мың адам, маусымдық жұмыстарда – 27,5 мың адам, кездейсоқ жұмыстарда - 7,5 мың адам жұмыспен қамтылды, жеке қосалқы шаруашылықтарда сатуға (айырбастауға) арналған өнім өндірумен 437,6 мың адам айналысты.

Қысқартылған кесте (жұмыс көлемінің төмендеуі, жұмыс берушінің бастамасы, сырғымалы кесте және басқа себептер) бойынша 274,6 мың адам жұмыс істеді. Қызметті тоқтату себебіне байланысты уақытша жұмыс істемейтіндер саны 10,5 мың адамды құрады.

Жұмыссыздар саны 449,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі – 4,9%. Табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, бірақ белсенді жұмыс іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны 60,9 мың адамды құрады.

15-28 жастағы* жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8% құрады, NEET жастарының үлесі (ХЕҰ әдіснамасына сәйкес) – 6,9%.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2021 жылдың соңына 97,9 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 1,1%-ын (2020 жылы – 1,5%) құрады.

 

* Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес.

 

Әдіснамалық түсіндірмелер

Жұмыспен қамтылған халық –бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде келесі: «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» немесе «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылған тұлғалар.

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

NEET жастары – бұл жұмыс істемейтін, білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың бөлігі.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша /Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Г. Бекішева Н. Белоносова Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749504 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы