2022 жылғы ақпанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

2022 жылғы ақпанда тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

Бір жылда (2022 жылғы ақпан 2021 жылғы ақпанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 24,5%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14,6% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 2022 жылғы ақпанда 2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда 19,1% жоғары болды.

Бір айда (2022 жылғы ақпан 2022 жылғы қаңтарға) пәтерлерді қайта сату бағаларына өсу қарқыны 2021 жылғы ақпанда 3,1%-дан 2022 жылғы ақпанда 5,5% байқалды. Жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары бір айда 0,4% өсті, бұл 2021 жылғы ақпаннан 0,8 пайыздық тармаққа төмен, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – тиісінше 0,6% және 1 пайыздық тармаққа.

Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі

Әдістемелік түсініктеме

Тұрғын үй нарығындағы баға индекстері есепті айдың 20 күні жағдай бойынша облыс орталықтарында, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында бағаларды іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйдлерді сату бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жасайтын құрылыс ұйымдарында жиналады, жаңа тұрғын үйді бастапқы, таза әрлеумен сату бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі бойынша дерек көздер интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар болып табылады. Өңірде ұсынылған бір, екі, үш бөлмелі пәтерлердің бағасы ескеріледі.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы