Еңбек нарығындағы жағдай*

Еңбек нарығындағы жағдай*

2021 жылғы IV тоқсанда республика экономикасында 8,8 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында 6,7 млн. адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) жалдамалы қызмет бойынша жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздар саны (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша) 450,4 мың адамды құрады.

2021 жылғы IV тоқсанда уақытша және кесімді жұмыстарда – 320,9 мың адам, маусымдық жұмыстарда – 32,9 мың адам, кездейсоқ жұмыстарда – 8,5 мың адам жұмыспен қамтылды. Жеке қосалқы шаруашылықтарда сатуға және айырбастауға арналған өнім өндірумен 400,5 мың адам айналысты.

Жұмыс көлемінің төмендеуіне (толық емес жұмыс күні) және жұмыс берушінің бастамасы бойынша аз сағат жұмыспен қамтылғандар саны 224,3 мың адамды құрады. Қызметті тоқтату себебіне байланысты уақытша жұмыс істемейтіндер саны 2,5 мың адамды құрады.

Жұмыспен қамту органдарында 2022 жылғы қаңтар айының соңына 138,7 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Жұмыс іздеген адам ретінде жұмыспен қамту мекемелеріне 68,4 мың адам жүгінген. Ресми тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,5% құрады.

 

* Деректер халықтың жұмыспен қамтылуының іріктемелі зерттеу қорытындыларының негізінде қалыптастырылған.

 

Әдіснамалық түсіндірмелер:

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

 

Пресс-релизді сақтау

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы

Орындаушы: Департамент директоры: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Ә. Кәрібаева Н. Белоносова Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 (7172) 749688 Тел. +7 (7172) 749022 Тел. +7 (7172) 749002 Мәңгілік ел , 8
    Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz Министрліктер үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы