Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 104,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13221,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 3,5% артық.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 37047,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылға қарағанда 3,8% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (1,7%), өңдеу өнеркәсібінде (5,5%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (4,8%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (9,5%) өндіріс өсімі байқалады.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 7376 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 2,4% кем.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 5495,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 7,6% артық.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,6% құрады.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 597,2 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,4% өсті. Жолаушылар айналымының көлемі 106,8 млрд. ж-км құрап, 1,4% кеміді.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 112,9% құрады.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 109,2% құрады.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 13363,7 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 28835,8 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 110,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 91375,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда номиналды мәнде 15,4% көбейді, оның ішінде экспорт – 54549,5 млн. АҚШ долларын (24,5% көп, номиналды мәнде), импорт – 36825,9 млн. АҚШ долларын құрады (4,2% көп, номиналды мәнде).
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 481732 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 472777 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 352848 құрады, оның ішінде 344130 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы желтоқсанда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 108,4% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 9,9%, азық-түлік емес тауарларға – 8,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 6,5% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы желтоқсанда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 46,1% өсті.
Әлеуметтік сектор
2021 жылғы қарашада халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 131978 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қарашаға қарағанда 4,2% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 4,1% төмендеді.
2021 жылғы желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 268051 теңгені құрады.
2021 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 449,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы желтоқсанның соңына 97,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,1%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Департамент директоры: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Г.Ғ. Айбасова | Ф.М. Калиев | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 (7172) 749509 | Тел. +7 (7172) 749095 | Тел. +7 (7172) 749002 | Мәңгілік ел , 8 |
| Е-mail: a.aldangarkyzy@aspire.gov.kz | Министрліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы