Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

  1. Мыналардың:

1) «Тұрмыс деңгейінің болжамды көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 24 қарашадағы
№185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16074 болып тіркелген);

2) «Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша табыстарды есептеу бойынша әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 31наурыздағы № 55 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15064 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

 

М. Турлубаев

 

 

Результаты согласования

Агентство по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан - Директор департамента Арманбек Кенесович Тлеубаев, 30.12.2025 10:42:10, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 05.01.2026 10:44:39, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгiнің Ұлттық статистика бюросы - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы М. Турлубаев, 05.01.2026 15:08:00, положительный результат проверки ЭЦП

Бұйрық
Дата публикации
20 января 2026