«Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидалары»Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 2 шілдедегі № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану үшін ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дерекқорды ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте сәйкестендірілмеген түріндепайдалану үшін ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пайдаланушы кабинеті – уәкілетті орган ведомствосының www.stat.gov.kz интернет-ресурсындағы тіркелген пайдаланушыларға уәкілетті орган ведомствосының сервистеріне қолжетімділік ұсынатын интерфейс;»;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүргізу мақсатында, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын халықаралық ұйымдардың біржолғы өтінімі негізінде жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ұйымдарға сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеугеарналған сілтемеорналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор беріледі немесе сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқорэлектрондық жеткізгіштен(CD диск) дербес компьютерге жүктелетінЗерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқормен жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.
Бұл ретте сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор жәнесәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорлармен жұмыс істеу мүмкіндігі ұйымның тікелей өкіліне (бұдан әрі – зерттеуші) ұсынылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтінім Пайдаланушы кабинеті арқылы қалыптастырылып жіберіледі және келесі құжаттарды қоса бере отырып, ол заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады:
1) зерттеушінің деректемелерін (зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке куәлігінің нөмірі) көрсете отырып, ұйымның ресми хаты;
2) зерттеушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттеме;
5) ұйымда ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың болуын растайтын құжаттың көшірмесі(Қазақстан Республикасының ұйымдары үшінбілім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензияның және лицензияға қосымшалардың немесе аккредиттеу туралы куәлік,жәнехалықаралық ұйымдар үшін жарғы).
Өтінімді қалыптастыру және беру кезінде зерттеуші құпиялылық саясатымен танысып, жеке деректерді өңдеуге және өтінім туралы (өтінім берілген күні, ұйымның атауы, зерттеушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сұралған дерекқор сипаттамасы, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты мен нәтижесі) ақпаратты жариялауға келісімін береді.»;
6, 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ұсынуға жауапты уәкілетті орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жауапты ҚБ) келіп түскен өтінімді барлық құжаттардың болуын және осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес қосымшаларды ресімдеудің толықтығына түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде қарайды.
12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сәйкестендірмеу процесі аяқталғаннан кейін, сәйкестендірілмеген түрінде дерекқор уәкілетті орган ведомствосының бұлтты сақтау қоймасында орналастырылады, оған тек жауапты ҚБ қолжетімділігі бар.»;
13, 14, 15, және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жауапты ҚБ қалыптастырылған сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорды түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оның өтінімге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және Пайдаланушы кабинетінің әкімшілік интерфейсі арқылы ақпараттық қауіпсіздікке жауапты ҚБ жібереді.
3-тарау алып тасталсын;
29-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) егер бұрын қаралған өтінімдерде осы Қағидалардың 18-тармағының талаптары орындалмаған;»;
1-қосымшада:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
5 |
Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде пайдалану мақсаты |
|
»;
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
|
9 |
Дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде алу тәсілі (сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы немесе сәйкестендірілмеген түріндегі дерекқор электрондық жеткізгіштен (CD диск) дербес компьютерге жүктелетін Зерттеушінің кабинетінде дерекқормен сәйкестендірілмеген түрінде жұмыс істеу мүмкіндігі) |
|
»;
2-қосымшаның 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жұмыс аяқталғаннан кейін маған сәйкестендірілмеген түрінде дерекқорларды жүктеуге арналған сілтеме орналастырылған Пайдаланушы кабинеті арқылы ұсынылған дерекқорды жою.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
|
М. Турлубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті