«2025-2027 жылдарға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«2025-2027 жылдарға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы

12 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған респонденттердің жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ұсыну графигін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 12 желтоқсандағы
    № 209 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Бұйрық
Дата публикации
08 сентября 2025