«Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

  1. «Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

28) және 29) тармақшаларымынадайредакцияда жазылсын:

«28) «Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында ауылшаруашылығы мақсатындағы құрылыстар мен құрылысжайлардың болуы» индексі 49-сх, кезеңділігі үш жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес;

29) «Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында ауылшаруашылығы мақсатындағы құрылыстар мен құрылысжайлардың болуы» (индексі 49-сх, кезеңділігі үш жылда бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес;»;

жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 20-қосымша осы бұйрыққа
1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 28 және 29-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестірудепартаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестірудепартаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

М. Турлубаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экология және

табиғи ресурстар министрлігі

«Ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
19 июня 2025