Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен блиц шахматтан Азия чемпионатында 18 жастағы алматылық шахматшы Алуа Нұрман топ жарды.
Швейцариялық жүйе бойынша өткен сары құрлық додасында Алуа жеті партияда жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түсті. Тек бір ойында ғана қарсыласына жол берді. Соңғы турда тағы бір отандасымыз Ксения Балабаеваны жеңгенін айта кеткен жөн. Осылайша, отандасымыз 7,5 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды.
Басқа жерлестеріміздің нәтижесі: Елназ Қалиахмет — 5-орын, Ксения Балабаева — 7-орын, Лия Құрманалиева — 10-орын.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан (WT) таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құрама спортшысы Хамзаальпер Ромашкин алтын медаль жеңіп алды.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Канада өкілі Никола Самордичпен шеберлік байқасып, айқын жеңіске жетті.
Айта кетейік, әлем чемпионатына 81 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Шри-Ланка астанасы Коломбода өтетін дүбірлі додада Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы барлық салмақта толық құрамда бақ сынайды. 2 аптаға жалғасатын сары құрлық бәсекесінде 23 елдің спортшылары өзара мықтыны анықтайды.
Айта кету керек, U-22 құрамасының бапкер әрі кеңесшісі – Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев. Оның шәкірттері – 2003, 2004, 2005 және 2006 жылдары өмірге келген жас былғары қолғап шеберлері. Әйелдер құрамасын ұлттық құрама бапкері Елдос Сайдалин бастап барды. Ал жастар құрамаларына (2007–2008 жылы туғандар) белгілі спорт шеберлері, бүгінде жаттықтырушылар қатарында жүрген Мақсат Бақтыбазаров пен Жангелді Ахметов жетекшілік етеді.
Азия чемпионаты 12–24 мамыр аралығында өтеді. Финалдық жекпе-жектер 22 және 23 мамырға жоспарланған. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан 1 000 АҚШ доллар, күміс жүлдегерлер – 500, ал қола медаль иегерлері – 250 доллардан сыйақы алады.
🔹12-19 мамыр: Спорттық гимнастикадан Әлем кубогі кезеңі
Ел намысын 3 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Копер қ., Словения
🔹13-15 мамыр: Пара дзюдодан әлем чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Астана қ.
🔹13-20 мамыр: Көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы Азия чемпионаты
Жарысқа отандық 8 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Сингапур қ., Сингапур
🔹14-17 мамыр: Велоспорттан ерлер арасындағы Orlen Nations Grand Prix кубогі
Турнирде Қазақстан құрамасынан 6 спортшы сынға түседі.
Өтетін орындары: Ланьцут, Ясло, Ярослав, Устшики-Дольне, Леско қалалары, Польша
🔹16-18 мамыр: Семсерлесуден халықаралық Гран-при турнирі
Елімізден 3 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шанхай қ., Қытай
🔹17-18 мамыр: Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан біріншілігі
Жарысқа 9 өңірден 293 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қ.
🔹17-24 мамыр: Бокстан жастар арасындағы (U-19, U-22) Азия чемпионаты
Сары құрлық додасында 13 былғары қолғап шебері ел намысын қорғайды.
Өтетін орны: Коломбо қ., Шри-Ланка
🔹17-25 мамыр: Үстел теннисінен әлем чемпионаты
Жаһандық жарыста 10 спортшымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Доха қ., Катар
🔵Президент Qazaqstan Barysy Grand Slam дзюдодан халықаралық рейтинг турниріне барды.
🔵Турнирді Мемлекет басшысымен бірге Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов тамашалады.
🔵Биыл бұл бәсекеге әлемнің 46 елінен үздік шыққан 358 спортшы қатысуда.
🔵Қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) қола жүлде жеңіп алды.
🔵Еске сала кетейік, Астанада осымен Grand Slam әлемдік сериясының жарыстары үшінші мәрте өтіп жатыр.
t.me/aqorda_resmi
Шайбалы хоккейден 5 жыл қатарынан элиталық дивизионда бақ сынап жүрген Қазақстан құрамасы 10 мамыр күні В тобындағы ойындарын бастайды.
✅Қазақстан әлемдік рейтингте 15-орында тұр.
✅Қазақстан өз тарихында 13-мәрте элиталық дивизионда өнер көрсетеді.
✅Өз тарихындағы ең жоғарғы орны - 10-орын (2021 жыл)
10 мамыр
Қазақстан🆚Норвегия (әлемде 12-орын)
Әлем чемпионатында 3 рет кездескен: 1:2
11 мамыр
Қазақстан🆚Германия (8-орын)
Әлем чемпионатында 6 рет кездескен: 2:4
13 мамыр
Қазақстан🆚Венгрия (18-орын)
Әлем чемпионатында 5 рет кездескен: 4:1
14 мамыр
Қазақстан🆚Дания (11-орын)
Әлем чемпионатында 3 рет кездескен: 0:3
17 мамыр
Қазақстан🆚Чехия (2024 жылғы Әлем чемпионы)
Әлем чемпионатында 4 рет кездескен: 0:4
18 мамыр
Қазақстан🆚АҚШ (6-орын)
Әлем чемпионатында 5 рет кездескен: 0:5
20 мамыр
Қазақстан🆚Швейцария (2024 жылғы күміс жүлдегер)
Әлем чемпионатында 6 рет кездескен: 1:5
2025 жылдың басынан бастап Қазақстан құрамасының олимпиадалық, паралимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлеріннен халықаралық жарыстарда қол жеткізген тарихи жетістіктері мен медальдар жиынын ұсынамыз:
✅Паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт
Қаңтар-сәуір айларында пара және сурдо спортшылар 68 медаль еншіледі - 30 алтын, 19 күміс, 19 қола.
Бұл тізімде Қазақстан тарихында тұңғыш рет пара биатлонынан әлем кубогының қорытындысы бойынша хрусталь глобустың иегері атанған Ербол Хамитовтың жеңісін ерекше атап өткен жөн. Оған дейін мұндай нәтижеге тек Владимир Смирнов 1994 жылы қол жеткізген еді.
✅Олимпиадалық спорт түрлері
Олимпиадалық спорт түрлерінің өкілдері ел қоржынын 227 медальмен толықтырды, оның ішінде:
— 189 медаль жазғы спорт түрлері бойынша (62 алтын, 66 күміс, 62 қола)
— 38 медаль қысқы спорт түрлері бойынша (8 алтын, 17 күміс, 13 қола)
Басты оқиғалардың бірі — Сербияда өткен бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты. Бұл сында Назым Қызайбай Қазақстан боксының тарихында бірегей жетістікке қол жеткізіп, үш дүркін әлем чемпионы атанды.
Сондай-ақ маңызды жетістіктердің тағы бірі – Михаил Шайдоровтың Бостонда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында қол жеткізген күміс медалі. Бұл жетістік арқылы Қазақстан Милан-2026 Олимпиадасына жолдама еншіледі.
Конькиші Евгений Кошкин екі мәрте Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанып, 100 метр қашықтықта бейресми әлемдік рекорд орнатты.
✅Олимпиадалық емес спорт түрлері
Бұл бағыт бойынша қазақстандық спортшыларлың қоржынында 50 медаль бар — 31 алтын, 14 күміс, 5 қола.
✅Ұлттық спорт түрлері
Қазақстан құрмасы тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде Әлем және Азия чемпионаттарында 47 (29 алтын, 8 күміс, 9 қола) медаль еншіледі:
🔹Қазақ күресі: 20 медаль — 16 алтын, 2 күміс, 2 қола
🔹Жамбы ату: 5 медаль — 1 алтын, 2 күміс, 2 қола
🔹Дәстүрлі садақ ату: 12 медаль — 3 алтын, 3 күміс, 6 қола
🔹Теңге ілу: 4 медаль — 3 алтын, 1 күміс
🔹Аударыспақ: 6 алтын - барлық санат бойынша алтын жүлде.
2025 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығындағы жалпы қортынды:
✅392 медаль, оның ішінде:
— 160 алтын
— 124 күміс
— 108 қола.
Астанада өтіп жатқан Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде 66 келі салмақта, Париж олимпиадасының жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев финалда ресейлік Рамазан Абдулаевтан ұтылды.
Осылайша, бүгін Қазақстан құрамасының қоржынына 2 күміс, 2 қола жүлде түсті.
Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде қазақстандық татами шебері Талғат Орынбасар 60 келі салмақтағы финалдық айқаста IJF өкілі Изнаур Сааевқа жол берді.
Дзюдодан қазақстандық Аман Бақытжан (60 кг) Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде қола жүлде үшін өткен белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Ли Хариманы жеңді.
Айта кетейік, бүгін ол Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юнвэйді жеңіп, сенсация жасаған болатын.